Қызылорда өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары (Қызылорда қ.)
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Қызылорда қаласының жылу-энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындарына, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындары мен тұрғындарына газдың үздіксіз жеткізілуін бақылау;
- Жеткізушіден газдың түсуін және оның тұтынушыларға нақты өткізілуін есепке алуды (жедел және коммерциялық) бақылау, тауарлық газдың тұтынылған көлемдерінің төленуін бақылау;
- Қызылорда қаласының тұтынушыларына газды өткізу мен тасымалдауды жоспарлауды бақылау;
- Газбен жабдықтау жүйелерін үздіксіз және апатсыз пайдалануды ұйымдастыру;
- Газ желілерінде және олардағы құрылыстарда құрылыстың, реконструкциялаудың және жөндеудің сметалық құнын айқындауды бақылау;
- Филиал қызметінің сервистік бағытын ұйымдастыру және дамыту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына, уәкілетті ұйымдардың актілеріне сәйкес филиалда сатып алуды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- Сапа саласындағы саясатты, мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету; экологиялық менеджмент жүйесі, денсаулық сақтауды басқару және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі, тәуекел-менеджмент, энергия менеджменті саласында;
- Филиалдың бюджеті мен Бизнес-жоспарын қалыптастыруды бақылау, ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану, оның орындалу барысын бақылау;
- Реттелетін қызмет түрлеріне тариф пен бағаны бекіту бойынша жұмыстың жүргізілуін бақылау.
Талаптар:
- Жоғары техникалық, инженерлік-экономикалық немесе экономикалық білім;
- Практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;
- Басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
- Қазақстан Республикасының Газ және газбен жабдықтау, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі, экология, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнамасының негіздерін, Қоғам қызметінің ерекшелігіне қатысы бар Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік техникалық құжаттарын; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын білу;
- Мемлекеттік тілді еркін меңгеру.
Шарттар:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімдеу;
- Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі.
Ұқсас вакансиялар
Газ кесуші 5 тарифтік разрядты авариялық және жөндеу жұмыстары қызметінің АРУ "Атырау" филиалы
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Талдыкөл а.
26.05.2026 | 501
"Атырау" МГҚБ филиалы Құлсары ЖӨБ ЖПҚ қызметінің электрмен,газбен дәнекерлеушісі
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Құлсары қ.
26.05.2026 | 2006
Өндірістік-техникалық департаменттің магистральдық газ құбырлары бөлімінің жетекші инженері
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
26.05.2026 | 2469