FINNOVATION, қаржы бөлімінде тағылымдамадан өту

"Эйр Астана" АҚ Алматы қ.
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
775

   Конкурс туралы

«Эйр Астана» АҚ алғыр, белсенді, сенімді әрі өршіл студенттер мен жас түлектерді іздестіруде. Сіздерді Қазақстандық ұлттық әуе компаниясындағы қаржылық департаментінің үлгілігін, айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыздандыратын кәсіби мамандар командасының бір бөлігі болуға шақырамыз. Мақсатымыз - күнделікті міндеттерді басқаруға, бөлімнің жалпы тиімді жұмысына үлес қосу және компанияның қаржылық жағдайын жетік білуге ​​көмектесу. Сіздің біліміңіз және дағдыларыңыз Қазақстанның маңызды инфрақұрылымдық институтына және тұтастай алғанда экономикаға пайдалы болатынына сенімдіміз.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • 3-6 айлық ақылы тәжірбие.
  • Жұмыс кестесі: аптасына 3-5 күн – өзініздің таңдауынызға байланысты. Емтихан кезінде жаң-жақты қолдау.
  • Қарқынды кәсіби даму: менторинг және тұрақты жұмыс орнындағы тренингтер.
  • Бірегей іскерлік мәдениет: батыс пен шығыстың үздіктерінің қоспасы (акционерлер – 51% KZ, 49% Ұлыбритания).
  • Shuttlebus (кітап оқу үшін тамаша орын).
  • Әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі.

Әлемдегі ең қызықты, түбірлі және күрделі болып табылатын авиация саласындағы жұмыс. Ең қызығы тек NASA-да болуы мүмкін.

МІНДЕТТЕР:

  • Бастапқы құжаттаманы өңдеу.
  • Статистиканы жаңарту және дебиторлық/кредиторлық берешек есептерін бақылау.
  • Ақпараттың дәл және қажет болған кезде дереу қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін, дерекқорлардағы қаржылық деректерді жаңарту.
  • Басқа да ауыспалы қаржылық жобаларға көмектесу.

 

ТАЛАПТАР:

Міндетті:

  • 4 курс студенттері, университет түлектері.
  • Бухгалтерлік есеп, қаржы және экономика салаларында жетік білім.
  • Ағылшын Intermediate деңгейінде.
  • Мықты аналитикалық қабілеттер.
  • Еңбекқорлық пен істің егжей-тегжейіне жете қарау.
  • Сенімділік пен белсенділік.

Қалаулы:

  • Сәйкес минималды тәжірибе.
  • IT инновацияларына немесе цифрландыруға деген қызығушылық.
  • Жетілдірілген Excel дағдылары.
  • Python.
  • ACCA бойынша біліктілік, ХҚЕС бойынша сараптама.