СОБ электрмеханигі

от 166882
Уральская дистанция сигнализации и связи Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
386

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

СОБ электрмеханигінің негізгі еңбек міндеттеріне мыналар кіреді:

  1. Компания мен оның еншілес ұйымдарының этика және мінез-құлық

Кодексінде қарастырылған міндеттерді сақтау.

  1. Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау.
  2. Осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген еңбек міндеттерді сапалы

және өз уақытында орындау.

  1. «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы

 Орал сигнализация және байланыс дистанциясының жұмыс жоспарын орындау.

  1. Дистанция басшыларының тапсырмаларын орындау.
  2. Ресми құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократия

көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ Қоғамның жергілікті нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау.

  1. Жалпы қабылданған моралдық-этикалық нормалармен бекітілген

іскерлік этика мен корпоративтік мәдениетті сақтау.

  1. Еңбек шартының, корпоративтік басқару кодексінің және компанияның

(жұмыс берушінің) басқа да жергілікті актілерінің талаптарын сақтау.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасының, мемлекеттік органдардың,

Жалғыз акционердің актілерінің және қоғамның қызметіне қатысты басқа да құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау.

  1. Қоғамның құпиялық стандарттарын және жергілікті нормативтік

құқықтық актілерін бұзбай, сенімді ақпаратты уақытылы ұсыну.

  1. Өзінің пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау, оның сақталуын

қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау.

  1. Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі

және өндірістік санитария талаптарын сақтау.

  1. Еңбек функцияларын орындауға тікелей бағытталған міндеттерді

 орындау:
СОБ құрылғыларын ПТЭ, ИСИ, ИДП-да көрсетілген параметрлердің нормасына, СОБ құрылғыларын күту бойынша негізгі техникалық нұсқауларға және басқа да пайдаланатын құрылғылардың нормалық параметрлері мен  сипаттамасы көрсетілген нормативтік және технологиялық құжаттарға сай СОБ құрылғыларын күтіп баптау.
Бекітілген жоспар кестеге және жедел жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстарды сапалы және өз уақытында орындау.ЖАТС құрылғыларының қалыпты жұмысында бұзушылықтар болса байланыс диспетчеріне хабарлау.

Біліктілік талаптары:

Білімі

орта және арнайы даярлау, белгіленген кестемен дайындау ( электромеханиктерді дайындау курсы)  темір жол көлігіндегі автоматизация және басқару
Темір жол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникация .
Темір жол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс

Жұмыс өтілі

 электромонтер қызметінде 2 жыл еңбек өтілі

Қосымша талаптар:

темір жол көлігін басқару саласы бойынша жалпы талаптарды білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж