Бизнес-аналитика департаментінің бизнес-аналитика және статистикалық есептілік жөніндегі 13-грейд ф.н. менеджері

294523 - 294523
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
62

Қаралған саны:
704

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептер  көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесі мәселелері және осы есептерді қалыптастыру әдіснамасы бойынша Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттік органымен  қарым-қатынас құрайды.
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептерді қабылдайды және дайындайды, SAP BW жүйесіндегі көрсеткіштерді тексеріді.
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша локомотив бригадаларының үздіксіз жұмысының белгіленген ұзақтығын бұзу фактілері туралы статистикалық есеп жасайды.
  • Еңбек және жалақы көрсеткіштері бойынша статистикалық есепті атқару, мемлекеттік және салалық статистикалық есепті жүргізу жөніндегі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді.
  • Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептіліктің қолданыстағы әдіснамасына сәйкес және дұрыс жүргізуіне бақылау жасайды.
  • Бастапқы есепке алу нысандарының дұрыс жүргізілуін және SAP PBW жүйесінде қалыптастырылатын еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептерде көрсетілетін деректердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және т. б.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары;
  • Мамандығы: Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Маркетинг, Статистика, Әлемдік экономика, Автоматтандыру және басқару, Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.
  • Жұмыс өтілі: Міндетті: мамандығы бойынша кемінде: 2 жыл 

Қосымша талаптар:

  • Статистикалық есептерді жинау, тексеру және өңдеуді жүзеге асыра білу, статистикалық есептер бойынша деректердің жинақ базасын жүргізу дағдылары.
  • Статистикалық есептерден жиналған деректерінен талап етілетін нысандар бойынша анықтама-талдамалық ақпаратты қалыптастыру дағдылары.Бизнес-деректерді және де статистикалық есептерді қалыптастыру тәртібі мен әдіснамасын қарастыратын жергілікті актілерді өзектендіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу дағдылары.
  • Статистикалық талдау жүргізу, талдау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қалыптастыра білу дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы