Геология және пайдалану бөлімінің бас маманы

«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
170

Қаралған саны:
3638

   Конкурс туралы
Құрметті ізденуші!

Біз сізді "Qazaqgaz барлау және өндіру" ЖШС қызметкерлерді жалдау процесінде көргенімізге қуаныштымыз.

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс айтқымыз келеді.

Мұнда сіз өзіңіздің кәсіби өсуіңіз үшін қызықты мүмкіндіктер таба аласыз деп үміттенеміз және біз сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге және осы процестің әр кезеңінде сізге көмектесуге дайынбыз.

Төменде сіз жарияланған жұмыс орнымен таныса аласыз.

Біз сізбен кездесуді күтеміз және сіз өзіңіздің кәсіби отбасыңызды осы жерден табасыз деп үміттенеміз.

Міндеттері:
  • Геологиялық құжаттаманың деректерін талдайды, жүйелейді, жинақтайды, геологиялық жұмыстардың нәтижелері туралы есептер және басқа да жиынтық құжаттар жасайды.
  • Геологиялық-техникалық, кәсіптік-зерттеу ақпаратының базасын құруға қатысады, зерттелетін жұмыс ауданының геологиясы бойынша материалдарды жинақтайды.
  • Геологиялық құжаттама деректерін талдайды, жүйелейді, жинақтайды.
  • Тәжірибелік-әдістемелік және тақырыптық жұмыстарды орындауға, пайдалы қазбалар қорларын есептеуге, жаңа техникалық құралдарды, технологияларды игеруге және еңбекті ғылыми ұйымдастыруға қатысады.
  • Геологиялық жұмыстардың нәтижелері туралы есептерді және басқа да жиынтық құжаттарды жасайды.
  • Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша әдістемелік ережелердің, нұсқаулықтар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді және бақылайды, оларды жетілдіру жөнінде негізделген ұсыныстар дайындайды.
  • Геологиялық барлау бойынша жобалау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйлестіреді және бақылайды.
  • Геологиялық жұмыстарды жүргізу кезінде жер пайдалануға құжаттарды ресімдеуді және алуды қамтамасыз етеді.
  • Геологиялық материалдарды есепке алу және сақтау қағидаларының, жер қойнауы және қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
  • Серіктестіктің айлық, тоқсандық, жылдық есептерін жасауға қатысады.
  • Кен орындары бойынша геологиялық модельдерді ұйымдастыруға және құруға қатысады.
  • Сатып алынатын жұмыстар мен қызметтер бойынша техникалық ерекшеліктерді (тапсырмаларды) әзірлейді.
  • Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі талаптарын сақтайды;
  • Геологиялық барлау жұмыстарында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

Талаптар:

  • "Мұнай және газ кен орындарының геологиясы және барлау" мамандығы бойынша жоғары, кәсіби білім
  • Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі-кемінде 3 жыл
    Мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі-кемінде 2 жыл.

Шарттар:

  • Әлеуметтік пакет





Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр