«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Қостанай магистральдық желі бөлімшесі» Арқалық жол дистанциясы филиалы өндірістік оқыту шебері

286739 - 303779
Аркалыкская дистанция пути Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
1175

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1.      «ҚТЖ» ҰК» АҚ жергілікті актілеріне сәйкес пойыздардың қауіпсіздік қозғалысына байланысты орта топ басшыларына, инженерлік-техникалық қызметкерлері мен жалпы кәсіби қызметкерлеріне техникалық оқытуды ұйымдастыру мен өткізу

2.      Белгілі бір лауазымдық санаттарға техникалық оқытудың жыл сайынғы оқу жоспарын құру және барлық цех, учаске мен бөлімдерге жеткізу

3.      «ҚТЖ» ҰК» АҚ және бағынышты акционерлік қоғамдарында техникалық оқытуды өткізу Ережесі туралы» 20.11.2019ж. №866-ЦЗ бұйрығына сәйкес цехтар мен учаскелерде техникалық оқытуды ұйымдастыру және барлық цех пен учаскелер қамтылумен айына кемінде бір көрсеткіш сабағын өткізу

4.      Цехтар мен учаскелерде өткізілетін техникалық сабақтардың сапасын, жүйелілігін, оқушылардың (тыңдаушылардың) үлгірімін, оқыту мерзімінің сақталуын, оқыту жоспары мен бағдарламасын, белгіленген құжаттардың дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру

5.      Қажетті әдістемелік әдебиетімен, сондай-ақ оқыту кабинетін жабдықтармен, заманауи техникалық оқыту құралдарымен, мүліктермен, көрнекі құралдармен оқу барысын қамсыздандыру бойынша мәселелерді жүргізу

6.      Қорытындылау сабақтарын, емтихан, біліктілігін сынау, кәсіби шеберлік конкурс, тарифтік-біліктілік комиссия жұмысын өткізуге қатысу

7.      Техникалық оқыту өткізуге басшылар мен цех және учаске ИТҚ шығу кестесін құру және кестенің орындалуын бақылау, лайықты есеп жүргізу

8.      Техникалық оқу, кадрдың біліктілігін көтеру мен дайындау, оқыту нәтижесінің сапалы көрсеткіші мен олардың тиімділігін талдау, белгіленген есептілікті жүргізу жұмысының есебін жүргізу

9.      Барлық жоғары тұрған ұйымдармен қатынас хаттар жүргізу, ТН жауап, оның сұрақтарына қатысты сұраныс пен ұсыныстар құрастыру

Біліктілік талаптары:

Білімі: 
жоғары
Саладағы мамандағы:
Жол шаруашылығы және жол,теміржол құрылысы,көлік тоннелдері және көпірлер,теміржолдың қозғалғыш құрамына қызмет көрсету және жөндеу,қолдану, жол көліктері,құрылыс,құрал жабдық,көтергіш көліктерді техникалық қолдану

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр