«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Сары-Шаған жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жоғары тұрған ұйымдардың нұсқауы бойынша техникалық құжаттаманы, пойыздардың қауіпсіздігі мен профилактикалық жұмыстардың жоспарлары және шараларын жасайды, олардың орындалуын бақылайды.
- Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің, жол дистанциясы бойынша күрделі және апаттық жағдайларлы жою жұмыстарының орындалуының жиынтық талдауын құрастырады.
- Жедел жоспарларды, қысқы кезеңдегі жұмысқа маршруты дайындау шараларын жасайды және орындалуын бақылайды
- Ағымдағы жолға техникалық қызмет көрсету үшін ПУ-74 кесте V материалдар айналымы туралы есеп нысанын тексереді
- АЛСН бойынша есеп жүргізеді
- Жүргізушілердің түсініктемелері бойынша сұрақтарға жетекшілік етеді
- ПУ-5, ПУ-6, ПУ-2 шпалдардың, ажыратқыштардың, рельс кітаптарының толтырауын қадағалайды
- 2 жолдың құрылысы бойынша есеп жүргізеді
- Жол тізбектері бойынша есеп жүргізеді
- Негізгі қорлар мен РШБК бағдарламалау жүйесі бойынша қажетті құжаттаманы және есептілікті жүргізеді
- Маршрутты техникалық куәландыру үшін қажетті құжаттаманы, АГО-1, АГО-3 кестесін, АГО-4 жиынтық кестелерін және паспорт бланкілерін құрастырады.
- Жолдар мен құрылыстарды көктемгі және күзгі комиссиялық тексерулерге қатысады.
- Мал қаққан жағдайда қажетті құжаттарды рәсімдейді.
Біліктілік талаптары:
- Білім жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі ).
- Саладағы мамандық: Құрылыс (Темір жолдар,жол құрылыстары, көпірлер мен көлік туннельдері құрылысы);Көлік құрылысы: Көлік техникасы мен технологиялары (Көтеру және көлік,құрылыс,жол машиналар мен жабдықтары).
- Жұмыс тәжірибесі кем дегенде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр