Жобалық жұмыстарды бақылау және алаңды дайындау департаментінің ТП БАЖ бойынша жетекші инженері
«Түркістан БГҚ» ЖШС Леңгір қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1) жобалау-сметалық құжаттаманың әзірленуін, ҚР стандарттары мен нормаларына, халықаралық стандарттарға, Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестігін тексеру және бақылау:
2) орындау кестелеріне бақылауды жүзеге асыру
3) нұсқаулықтарды, техникалық тапсырмаларды және техникалық шарттарды әзірлеу, Автоматтандыру және бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі жобалар мен техникалық шешімдерді талдау;
4) ТПБАЖ бойынша жобалау жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзімдерін бақылау;
5) техникалық ақпарат алу үшін жабдық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау
6) БЖ сатысында түзетулер енгізуді не ТПБАЖ бөлігінде авторлық қадағалау желісі бойынша түзетулер енгізуді бақылау;
6) құрылысты қадағалау, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау саласындағы Тапсырыс беруші қызметінің функцияларын орындауға міндетті;
7) Өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік не өзге де ұйымдарға сұрау салулар дайындау;
8) мердігерлерден және құрылысқа өзге де қатысушылардан жеке өзі немесе серіктестік басшылығының тапсырмасы бойынша өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;
9) техникалық кеңестерге қатысу, олар бойынша қабылданған шешімдерді бақылау және орындау, тиісті техникалық құжаттаманы жүргізу (хаттама, есептер жасау).және т.б.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары кәсіптік білім: техникалық.
- Құрылыс саласындағы бейінді салаларда (ТПБАЖ не БӨАжА) кемінде 4 жыл жұмыс өтілі бар.
Шарттар:
* 5/2, жұмыс кестесі 09: 00-18: 30, Түскі ас 13: 00-14: 30
* Әлеуметтік пакет
* Медициналық сақтандыру
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман