"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Шалқар вокзалының электр механигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1) дауыс күшейткіш байланыс жүйесін, терминал жабдығын, баайланыс аппараттарын, қызмет көрсететін вокзалдың анықтама бюросындағы, бейнебақылау жүйесінің серверлік бөлмесіндегі оргтехниканы күтіп ұстау мен пайдалану бойынша сұрақтардың кешенді шешілуін қамтамасыз ету;2) қызмет көрсететін вокзалдағы дауыс күшейткіш жүйені жөндеу және жарамды күйде ұстау бойынша профмлактикалық жұмыстардың кестесін құру;
3) орындалған жұмыстар туралы кесімді рәсімдеуді уақытылы орындау және айқындалған бұзушылықтар туралы басшылыққа хабарлау;
4) қызмет көрсететін вокзалдың құрылғыларын, сонымен қатар амортизациялық мерзімі өткен және ескірген құрылғыларын есепке алуды ұйымдастыру, вокзал бастығымен бірлесіп жоюға құжаттарды дайындау және т.б.
Біліктілік талаптары:
Білімі
орта-техникалық (немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық)
Мамандығы
Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Автоматика, телемеханика және темір жолдағы қозғалысты басқару
Жұмыс тәжірибесі
2 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж