«Теміржолсу-Павлодар» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы

332834 - 349280
ТОО "Теміржолсу-Павлодар" Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
567

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Лауазымдық нұсқаулықта көзделген қызметтік міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
  • Шаруашылықты қысқы жағдайда жұмысқа дайындау шараларын жүзеге асыру, олардың орындалуын қадағалап, осы мәлесе бойынша жедел хаттамалар жасайды;
  • Өндірістік-техникалық бөлімінің жұмысын басқарады, техникалық құжаттаманың жай-күйін және үшінші тарап темір жол көлігі кәсіпорындарымен барлық техникалық және  өндірістік мәселелер бойынша хат алмасуды бақылайды;
  • Жоспарлады әзірлеуді, кәсіпорынның ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді;
  • Көмірді, жанар-жағар майларды, суды тазартуға арналған реагенттерді сатып алуға есеп жүргізеді және  өтінім береді. Ол оларды нормалаумен айналысады және тұтынуды бақылайды;
  • Отын энергетика шығыныы бойынша есептерді құрастырады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары 
  • Саласындағы мамандықтар: Көлікті тасымалдауды, қозғалысын және пайдалынуды ұйымдастыру (Теміржол саласы  бойынша); Электроэнергетика;  Жылу энергетикасы;  Су ресурстары және суды пайдалану; 
  • Жұмыс тәжірибесі: тиісті салада кемінде 4 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда 4 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр