АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК жөніндегі МАМАН ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІ
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
27.11.2023
- Берілген өтінім:
- 28
- Қаралған саны:
- 2510
Міндеттері:
- Басшылықтың қарауы және шешім қабылдауы үшін аналитикалық есептерді дайындау мақсатында ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын тіркеу журналына, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты басқа журналдарға сәйкес мониторинг және талдау жасайды, СМИБ – Ақпараттық қауіпсіздік менеджемнтінің жүйесі шеңберінде «ПКОП» ЖШС үшін сыни бизнес процестерін анықтайды. Ақпараттық қауіпсіздік менеджемнтінің жүйесі (АҚМЖ) – ақпараттық қауіпсіздікті құру, енгізу, жұмыс істету, мониторинг жасау, талдау жасау, қолдау және жақсарту кезінде іскерлік тәуекелділікке негізделген жалпы менеджмент жүйесінің бір бөлігі.
- Өз құзыреті шегінде коммерциялық құпияны және қызметтік пайдалануға арналған, таралып кетуі кәсіпорынға зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді қорғауды бақылайды. Кәсіпорын жұмыскерлерінің коммерциялық құпия болып табылатын және қызметтік пайдалануға қатысты ақпаратты қамтитын ақпаратпен және материалдармен жұмыс істеу қағидаларын сақтамау фактілерін анықтайды;
- Мүдделі бөлімшелермен бірлесіп резервтік көшіруге жататын ақпараттық активтердің тізбесін айқындайды, резервтік көшірмелерді сақтауды ұйымдастырады, резервтік көшіру және ақпаратты қалпына келтіру матрицасын өзекті күйде ұстайды, резервтік көшірмелерді тестілеуді жүзеге асырады;
- Ақпаратты техникалық арналар мен жабдықтар бойынша таралып кетуден қорғау саласында техникалық құжаттаманы әзірлейді, ақпаратты, қауіпсіздік аймақтарының схемаларын техникалық қорғауды регламенттейтін ішкі құжаттаманы әзірлейді, мүдделі бөлімшелермен бірлесіп «ПКОП» ЖШС ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;
- Ақпараттық қауіпсіздік бойынша инциденттердің не ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің туындау алғышарттарының болуына мониторинг жүргізеді, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі оқиғаларды талдайды, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі инциденттерді АҚМЖ - (ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі) инциденттер журналына тіркейді.
- Ақпараттық қауіпсіздік саласында «ПКОП» ЖШС қызметіне қолданатын нормативтік-құқықтық актілердің тізбесін жасайды және оны актуалдандырады, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің пайдаланылуына мониторинг жүргізеді, ақпараттық жүйелердің техникалық қорғалуын тексеру бойынша іс-шараларды жүргізеді;
- «ПКОП» ЖШС жұмыскерлеріне кеңес береді, өз құзыреті шегінде жобаларды, құжаттарды келіседі, Қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттар, ресми сұраулар, есептер, жауаптар және т.б. дайындайды;
- Кәсіпорын жұмыскерлерінің құпия мәліметтер бар ақпаратты және материалдарды қолдану ережелерін сақтамау фактілерін анықтайды. Персоналды компьютерлерді және электрондық тасымалдағыштарды қолдану.
- Қауіп-қатерлер бағытталуы мүмкін объектілерді анықтау бойынша жұмыс жүргізеді, бар және ықтимал қатерлерді анықтайды, қауіптердің ықтимал көздерін анықтайды;
- Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерінің иелерін бағалайды және тағайындайды.
- Әдістерді анықтауға және жаулық әсерді табуға, белгілі қауіптерден қорғауға, оқыс оқиғаларға әрекет етуге қатысады;
- Процестерді автоматтандыру және жүйелерді ендіру бойынша жобаларды қабылдауға және келісуге, ақпараттық жүйелерді таңдау процедураларына қатысады;
- Ақпараттық жүйелердегі негізгі конфигурациялық және бағдарламалық өзгерістерге келісуге қатысады;
- АТ-инфрақұрылымы компоненттерінің конфигурацияларын мерзімді тексеріп отырады, аппараттық, бағдарламалық және желілік инфрақұрылымдардың осалдылығын талдайды;
- АҚ саласындағы оқиғаларға мониторинг жүргізеді, жүйелерге кіру құқықтарын мерзімді тексереді;
- Ақпараттық жүйелерді және АТ-инфрақұрылымдарын қайта қалпына келтіру, Компанияның ақпараттық инфрақұрылымының физикалық қауіпсіздігін бағалау процедураларына қатысады;
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігіне тұрақты бақылау жүргізеді және қажет болған жағдайда Компанияның ақпараттық және өндірістік инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігін регламенттейтін нормативтік құжаттарды қайта қарайды және түзету енгізеді;
- Ақпараттық қауіпсіздік саласында және АҚ саласында Компания қызметкерлерін кейіннен алған білімдерін тексере отырып, мерзімді оқыту мен тестілеуді жүргізеді;
- Ақпараттық қауіпсіздікті дамыту архитектурасы мен стратегиясын әзірлеуге және келісуге және АҚ саласындағы басқарушы құжаттарды әзірлеуге қатысады;
Талаптар:
- жоғары (техникалық)
- мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл
Шарттар:
- әлеуметтік пакет
- жеткізу
Қажетті білім дәрежесі
- Маман
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар
ЗАУЫТ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ 4 РАЗРЯДТЫ ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЛАБОРАНТЫ (уақытша жұмыс)
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
16.12.2025 | 5588
4-5 РАЗРЯДТЫ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
16.12.2025 | 4398
Көбікпен өртті сөндіру учаскесінің 4 разрядты технологиялық сораптар машинисі
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
15.12.2025 | 1740