"ҚТЖ" ҰК"-"Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" АҚ филиалының Нұр-Сұлтан стансасындағы №18 қалпына келтіру поезыныңкран машинисінің көмекшісі

235143 - 247946
Акмолинское отделение магистральной сети Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
28

Қаралған саны:
1164

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Кранның құрылымын, оған бекітілген кранның техникалық сипаттамалары мен пайдалану ережелерін білу бекітілген кранды техникалық жарамды күйде ұстау, ақау анықталмаған кезде кранның машинисіне қалпына келтіру пойызының басшылығына баяндау, оларды дереу жою шараларын қабылдау, техникалық қызмет көрсету бойыша жұмыстардың мерзімдері мен көлемін, жөндеу аралық нормаларды білу, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жұмыстарды орындай  білу  жөндеу.
Бекітілген техникалық ЖЖМ шығысының нормаларын білу және олардың жұмсалуына жол бермеу. Жылжымалы құрамды , стационарлық ғимараттар мен құрылыстарды, қалпына келтіру поезының аумағынтаза қауіпсіз ұстау. Қалпына келтіру поезының техникасын мердігерлік-шарттық жұмыстарға тарту кезінде жұмыстарды орындауға қатысу.

Біліктілік талаптары:

Білім

орташа, мамандырылған оқу орталығында мамандық бойынша 

Жұмыс тәжірибесі

жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Қосымша талаптар:

Қалпына келтіру поезы басшыларының нұсқауы бойынша авариялық жағдайлардан тыс ауысымда болған кезде жұмыстың басқа түрлерін (кранға қызмет көрсетуден басқа) орындау, демалыс және мереке күндері рабфтаға дайындық, тәуліктің кез келген уақытында шығу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Орташа)