Токарь- темір жонушы

Филиал "Управление магистральных газопроводов "Алматы" Қаскелең қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
564

   Конкурс туралы
Міндеттері: 6-7 квалитеттер бойынша ауысулар саны көп күрделі бөлшектер мен құралдарды токарлық өңдеу және жетілдіру, әртүрлі айлабұйымдардың көмегімен орын ауыстыруды және құрама бекітуді және бірнеше жазықтықта нақты салыстыруды талап етеді. Сыртқы және ішкі фасонды беттерді және қисық сызықты цилиндрлік беттермен жанасқан беттерді өңдеу және өлшеу үшін қол жетпейтін орындармен жону.  Бірнеше люнеттерді қолдана отырып, ұзын біліктер мен бұрандаларды токарлық өңдеу.  Әр түрлі профильдегі және қадамдағы көпкірмелі бұрандаларды кесу және домалату. Бұрамдықтарды 8-9 дәлдік дәрежесі бойынша түпкілікті кесу. Бірнеше жанасатын беті бар құралды жетілдіру бойынша операцияларды орындау. Әмбебап жабдықта күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды токарлық өңдеу. Күрделі профильді калибрлеумен жаңа илемдеу біліктерін токарлық өңдеу және өңделген илемдеу біліктерін қайта айналдыру, оның ішінде плазмалы механикалық өңдеу әдісімен қиын өңделетін жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді материалдардан жасалған бөлшектер мен құралдарды өңдеу бойынша көрсетілген жұмыстарды орындау. 
Талаптары: Білімі: орта, арнаулы орта кәсіби, "Токарь" біліктілігі бойынша білім.  
Жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес (5 разряд)
Шарты: 
  • Өндірістік нысанға жақында маңда тұру- Алматы облысы
  • бес күндік жұмыс аптасы;
  • 1 сағат 30 минутқа созылатын демалу және тамақтану үшін үзіліс, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
  • әлеуметтік пакет
  • 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру