«Кедентранссервис» АҚ Қарағанды ​​облысы бойынша филиалының заң және кадр мәселелері жөніндегі бас маманы

222142 - 269510
Филиал АО «Кедентранссервис» по Карагандинской области Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
455

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Мемлекеттік билік және басқару органдарында, соттарда филиалдың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды.
  • Филиал қызметінде заңдылықты сақтайды.
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кадрлық, өндірістік бұйрықтарды дайындайды және қалыптастырады; құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады.
  • Кәсіпорындағы құқықтық жұмыстарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, талаптарға негізделген жауаптар дайындауға қатысады.
  • Анықталған кемшіліктерді жою және кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту туралы тиісті ұсыныстарды әзірлеу мақсатында сот істерінің талаптарын қарау нәтижелеріне, сондай-ақ шарттарды жасасу және орындау практикасына талдау және жалпылау жүргізеді.
  • Қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпке сәйкес материалдарды ресімдеуді жүргізеді.
  • Кадрлық құжаттамада сақтау және есепке алу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
  • Жеке құрамды есепке алу, кадрлар бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізу және сақтау, қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беру, көтермелеуге ұсыну үшін материалдар дайындау бойынша жұмыстарды жүргізеді.
  • Мамандар мен жұмысшылардың біліктілігін арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
  • Қызметкерлерді кәсіпорыннан босату кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді, кадрлардың айналымы бойынша талдау жүргізеді. Аттестаттау, біліктілік және кадрлармен жұмыс жөніндегі басқа да комиссиялардың жұмысына қатысады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Саласындағы мамандық: экономика, менеджмент, психология, филология, педагогикалық мамандықтар (табиғи және әлеуметтік ғылымдар), теміржол мамандықтары, ұйым және еңбек нормасы, құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жалпы жұмыс тәжірибесі: Міндетті: бейіндік қызмет бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.
Қосымша талаптар:
  • Міндетті түрде білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Үкімет қаулылары, темір жол көлігі ұйымдары мен акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, Қазақстан Республикасының азаматтық, қылмыстық, кеден заңнамалары, сондай-ақ "Кедентранссервис" АҚ Жарғысы және Қазақстан Республикасының Ішкі "Кедентранссервис" АҚ және "ҚТЖ "ҰК"АҚ қызметінің тәртібі.
  • Заманауи ақпараттық технологияларды, есептеу техникасы құралдарын, коммуникациялар мен байланысты пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;
Білуі керек:
  • Міндетті: 1С бағдарламасында автоматтандырылған кадрлық есеп жүргізу.
  • Жақсырақ: кадрлық қызметтердің жұмысында заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі.
  • Қосымша талаптар:
  • - MicrosoftOffice, Word, Excel, PowerPoint бағдарламаларымен, Outlook, Lotus Notes, Skype электрондық пошта бағдарламаларымен жақсы жұмыс істеу дағдылары;
  • - ғаламдық Интернет желісінің ресурстарын, ұйымдастыру техникасын (сканер, принтер, факс, көшіру аппараттары) пайдалана білу.
  • - заманауи ақпараттық технологияларды, есептеу техникасы құралдарын, коммуникациялар мен байланысты пайдалана отырып, жедел, өндірістік құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы