Жоба шеңберіндегі қарым-қатынастар бөлімінің бастығы

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
33

Қаралған саны:
1693

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері және жауапкершіліктері:

  • жобаға қатысты инженерлік-техникалық жұмыстар кезінде қарым-қатынастарды басқару бойынша тапсырылған жауапкершілікті орындау; жоба шеңберіндегі инженерлік-техникалық жұмыстар жөніндегі менеджердің қойған мақсаттары негізінде жұмыс кестесін құру; барлық жұмыстарды өз бетінше немесе басқа қызметкерлердің көмегімен орындау; үздік инженерлік бағалау әдістерін, кәсіби біліктілігі мен білімін қолдана отырып, техникалық шешімдер қабылдау;
  • тиісті сала мамандарының, жоба менеджерлерінің, жоба жетекшілері тобының және Компанияның жоғары басшылығының қолдауымен тиісті ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен, Консорциум бойынша серіктестермен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, үйлестіру, ықпал ету, жүзеге асыру; қажет болған жағдайда қажетті сала мамандарының жоғары басшылықтың өзара әрекеттестігін үйлестіру;
  • қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік өкілетті органдарға ресми хаттар әзірлеу және ұсыну;
  • жоба бойынша барлық негізгі қарым-қатынастардың анықталуын және басқарылуын қамтамасыз ету;
  • әртүрлі келісімдер алу мәселелеріне қатысты жергілікті билік органдарымен болатын талқылаулар кезінде қажетіне қарай техникалық қолдау көрсету;
  • инженерлік-техникалық жұмыстар жөніндегі және атқарушы мердігерлердің сала бойынша ҚР Өкілетті органдарымен, қосалқы мердігерлермен қарым-қатынастарды басқару шараларын бақылау;
  • қарым-қатынастарды басқару жоспары мен тізілімін әзірлеуге және жүргізуге жауапкершілік атқару;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
  • инженерлік-техникалық мамандық бойынша жоғары білімі және танымал ұйымның кәсіби біліктілігі;
  • мұнай және газ саласындағы жобалар мен өндірістік операциялар бойынша кемінде 8-10 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • ДЕҚҚОҚ бойынша жетекшілік ету және ДЕҚҚОҚ саласындағы көрсеткіштерге қол жеткізу;
  • біліктілікті дамыту, тәлімгерлік ету және жергілікті қамту және шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру мәселелеріне құштарлық таныту;
  • жобаларды жүзеге асыру кезінде бизнестің тиімділігін арттыру тәжірибесі;
  • білікті мамандар қорын басқару тәжірибесі.
  • жергілікті қамтуды дамыту факторларымен және оларды басқарумен таныс болу.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

  • жобаны әзірлеудің барлық кезеңдерінде көпбейінді, көпұлтты топтарға жетекшілік ету бойынша расталған қабілеті;
  • адамгершілік қасиеттері, жетекшілік ету мен басқару, тұлғааралық қарым-қатынас жасау, дипломаттық, қадағалау дағдылары; келіссөздер жүргізу техникасы бойынша білімі мен тәжірибесі, өзгелерді сендіру басқаларды көндіреді, ымыралы шешім табу арқылы бәтуаға келу; ақпарат алу және мақсатқа қол жеткізу үшін өзгелермен ынтымақтасу;
  • топ мүшелерінің жоғары көрсеткіштерге жетуіне түрткі болу; өзге қызметкерлерді оқыту және тәлімгерлік ету, жетістіктерге жетуге ынталандыруға міндеттену;
  • жоба шеңберіндегі инженерлік-техникалық жұмыстарға көмектесу үшін түрлі денгейдегі әртүрлі мүдделі тараптар мен компанияның бөлімдері арасында келісушілікті қамтамасыз ету қабілеті;
  • мықты талдау және стартегиялық жоспарлау дағдылары; ҚР заңнамасы, Қашаған жобасының экономикасы/қаржылық аспектілері, технологиялық процес, ішкі және сыртқы орта туралы білімін пайдалана отырып, кейінгі іс-шараларды талдай білу; ірі мұнай және газ компаниясының қызметіне қатысты әр түрлі деректер жиынын талдау және түсіндіру қабілеті; мәселелерге асқақтап қарау, бірақ егжей-тегжейіне дейін үңілу;
  • мүдделі тараптардың жоғары деңгейіне және шектеулі мерзімге немесе талқыланатын мәселенің маңыздылығынан байланысты қауырт жағдайларда келіссөздер жүргізу қабілеті;
  • табанды, икемді, өз-өзіне сенімді болу, әсіресе мердігерлермен жұмыс істеу кезінде адуынды болу;
  • жігерлі, жұмысқа қабілетті, шешім қабылдауға, тапсырысшымен жұмыс істеуге бағытталған болу және әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасай білу;
  • тұлғааралық қарым-қатынас орнату және байланыс жасау дағдылары, сонымен қатар ішкі және сыртқы тараптардың назарына (соның ішінде мемлекеттік органдар) жобаның жүзеге асырылу барысы, қатерлер, мәселелер мен қажетті шешімдер туралы ақпарат ұсыну;
  • жоба шеңберіндегі инженерлік-техникалық жұмыстар процестері мен стандарттарын жүйелі қолдану мақсатында көпбейінді қызметтерді басқару және қызметтегі мамандармен тез қарым-қатынас жасау қабілеті;
  • өзгерістерді басқару, Жоба тобының құрамында (ұйым немесе жұмыс көлемі) өзгерістер енгізуге ықпал ету;
  • мәселені іскерлік мазмұнда қарастыру және проблемалық мәлімдемені анық айту қабілеті; үш тілде қысқа, нанымды және тартымды ойды тұжырымдай білдіру; қазақ/орыс/ағылшын тілін ауызша және жазбаша жетік білу; түрлі Өкілетті органдарға ресми/бюрократтық хат-хабарлар әзірлеу дағдылары; есептерді, электрондық хат-хабарларды, қызметтік хаттар мен процедуралық нұсқаулықтарды жазу бойынша үздік қабілеті;
  • презентация жасау және слайд әзірлеу дағдылары; нақты және қысқа хабарламаларды жаза білу қабілеті.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)