Бас менеджер (15 грейд) бизнес-талдау департаментінің жедел есептілігі бойынша

382762 - 294523
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
119

Қаралған саны:
1619

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • ВО-1, ВО-2, АГО-18, 23-жел нысандарының жиынтық статистикалық есептерін жинайды және  жасайды;
  • Оперативтік статистикалық есепке алудың дұрыстығына тексеру жүргізу, Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес;
  • ұйымдарында статистикалық есептерді дайындау бойынша Департаменттің облыстық бөлімшелерінің жоспарларын әзірлейді;
  • Оперативтік статистикалық есепке алу және статистикалық есептілікті жасау әдістемесі бойынша оқыту семинарларын, техникалық сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді;
  • Аудит жоспарларының орындалу мерзімдерінің сақталуын және оперативтік және статистикалық есепке алудың дұрыстығын тексеру сапасын, департаменттің облыстық бөлімшелерінің статистикалық есептерді дайындауын бақылайды;
  • Статистикалық есепке алу кезінде анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар туралы талдамалық ақпаратты қалыптастырады.
  • Ақаулы вагондардың қолда бары туралы және оперативтік статистикалық есеп пен статистикалық есептілікті тексеру нәтижелері бойынша жиынтық статистикалық есептерді жинау, қалыптастыру және ұсыну мүмкіндігі.
  • Оперативтік статистикалық есепті жүргізу және оперативтік статистикалық есептілікті жасау әдістемесінің сақталуын бақылау дағдылары.
  • Тексеру нәтижесінде анықталған статистикалық ақпарат пен есептіліктің кемшіліктерін, олқылықтары мен бұрмалануын жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеу дағдылары.
  • Компания пайдалану қызметінің көрсеткіштеріне бизнес-талдау және статистикалық талдау жүргізу қабілеті.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары;
  • Мамандығы: Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Маркетинг, Статистика, Әлемдік экономика, Автоматтандыру және басқару, Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.
  • Жалпы жұмыс тәжірибесі: Міндетті: мамандығы бойынша 2 жыл жұмыс атқару

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы