Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технолог ТЧЭ-4 өндірістік қауіпсіздік және экология секторы Мақат пайдалану локомотив депосы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "Батыс"филиалының Атырау кіші бөлімі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Өндірістік жарақаттануға талдау жүргізеді және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
- Еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің сақталуын, қызметкерлерге еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді бақылауды жүзеге асырады;
- Белгіленген талаптарға сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі құжаттама мен есептілікті жүргізеді;
- Қауіпсіздік техникасы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- Өндірістік учаскелердегі еңбек жағдайларына жедел талдау жүргізеді, бөлімшенің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді сипаттайды және бағалайды;
- Бөлімшенің өкілеттігі мен жауапкершілігі шеңберінде тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды/бақылау рәсімдерін әзірлейді және енгізеді, іс-шаралардың/бақылау рәсімдерінің тиімділігін талдау және жетілдіру;
- Тәуекелдер бойынша негізгі тәуекел-индикаторлар мен лимиттерге мониторинг жүргізеді, ауытқулардың түпкі себептерін анықтайды, бөлімшенің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдердің жоғары деңгейі туралы мүдделі тараптарды хабардар етеді;
- Іске асырылған тәуекел оқиғасын міндетті тіркеуді жүзеге асырады, жедел ден қоюды және мүдделі тараптарды жедел хабардар етуді ұйымдастырады, кейіннен еңбекті қорғау қызметінің өкілеттіктері мен жауапкершілігі шеңберінде тәуекел оқиғасы бойынша ақпаратты өзектендіреді.
- Санитарлық нормалар мен өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кешенді іс-шараларды орындау;
- Өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық талаптарды сақтау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу (қайта қарау) ;
- Өндірістік қауіпсіздік саласында жаңадан енгізілетін сыртқы құжаттар талаптарының мониторингі.
- Өндірістік қауіпсіздік саласындағы жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және
- телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр