«Жолаушылар тасымалы» АҚ қаржы және бюджет қаражатын бақылау департаментінің қаржылық талдау және айналым капиталын басқару функционалдық бағытының менеджері (14-сынып)

от 335756
АҚ «Пассажирские перевозки» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
1323

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептерді дайындайды;
  • Қоғамның қысқа және орта мерзімді кезеңге арналған ақша ағынының бюджетін қалыптастырады;
  • Қоғамның, Қоғамның аймақтық филиалдарының қысқа және орта мерзімді кезеңдерге арналған ақша қозғалысының бюджетін үйлестіреді;
  • Қоғамның аймақтық филиалдары мен еншілес ұйымдарының кассалық бюджетінің атқарылуын бақылайды және талдайды;
  • Қоғамның инвестициялық мүмкіндіктерінің есебін жүргізеді, әр түрлі қаржыландыру схемаларын әзірлейді, Қоғамның, Қоғамның аймақтық филиалдары мен еншілес ұйымдарының инвестициялық жобаларын қаржыландыруға мониторинг жүргізеді;
  • Қоғам Басқармасының, Қоғамның Директорлар кеңесінің бекітуіне Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдарды дайындайды;
  • Қоғамның экономика және жоспарлау бөліміне Қоғамның ақша қаражатының қозғалысы бюджетінің болжамы мен орындалуы туралы есеп беруді қамтамасыз етеді;
  • Қысқа және орта мерзімді кезеңдерге Қоғам қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің есебін жүргізеді;
  • Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымның сұрауы бойынша есептілікті ұсынады;
  • Қоғамның тәуекелдерін басқару бойынша шараларды жүзеге асырады: өтімділік алшақтығы тәуекелі;
  • Басқарманың бас менеджеріне, департамент директорына және Қоғам басшылығына талдау материалдарын дайындайды;
  • Қаржылық есеп беру депозитарийінің, жеңіл автокөліктерді сақтандырудың және есеп-ақпараттық орталықтың қызметтеріне Қоғамның жоспарланған шығыстарын есептейді;
  • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөгде ұйымдардан, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен, филиалдары мен еншілес ұйымдарынан түскен сауалдарға жауаптар дайындайды;
  • Қоғамның Активтерді басқару департаментіне Қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін береді және қаржылық есептілік депозитарийінің веб-сайтында орналастырады;
  • Тіркеуші қызметтерге, жеңіл автокөліктерді сақтандыруға шарттар жасайды және орындалуын бақылайды;
  • Іс қағаздарын, мұрағаттық іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, Бөлімде қатаң есеп беру үшін фирма бланкілерінің есебін жүргізеді, Қоғамның кеңсе тобына бланкілерді пайдалану туралы есеп береді;
  • Бөлім істерінің номенклатурасын жасайды және оны Қоғамның кеңсе тобына бекітуге береді;
  • Акцияларды шығару проспектісіне, Қоғам акцияларын шығару және орналастыру қорытындылары туралы есепке уақтылы өзгерістер енгізуді жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
  • Жоғарғы білім.
  • Мамандығы: есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент, маркетинг.
  • Мамандығы/қызмет бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі: қаржы, экономика, маркетинг саласында кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр