"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Ақмола магистральдық желінің бөлімшесі" филиалының Нұр-сұлтан ст. есепке алу бөлімінің жетекші инженері

364091 - 376893
Акмолинское отделение магистральной сети Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
372

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Материалдық-техникалық жабдықтау базасының (МБ Астана), солтүстік өңірдің поездар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығының (РЦУП) қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жоспарлау, мониторингілеу және талдау;
  • Қосалқы-көмекші қызметтен түсетін кірістер бюджетін; негізгі қызмет бойынша шығыстар бюджетін; негізгі құралдарды күрделі жөндеу жоспарын; әлеуметтік сала бюджетін қалыптастыру;
  • Астана МБ, РЦУП қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін есептеу, талдау және мониторингілеу;
  • Шығындар элементтерін ашып көрсете отырып, өндірістік-қаржылық қызметтің, күрделі жөндеудің, қосалқы-көмекші қызметтің, әлеуметтік саланың ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жартыжылдық, жылдық жедел есептілігін белгіленген нысанда жинау және қалыптастыру (жедел жұмыс); Астана МБ, РЦУП қаржы-шаруашылық қызметі туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық есептерді талдау, қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар дайындау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандық: «Қаржы»; «Экономика»; «Есеп және аудит»
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)