«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қостанай магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қостанай электрмен жабдықтау дистанциясының Железорудная станциясының байланыс желісі ауданының 1 тобы учаскесінің байланыс желісі ауданының бастығы

от 237610
Костанайская дистанция электроснабжения Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
520

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Байланыс желі ауданының қызметкерлері басшылығын жүзеге асыру;
  • ДПР желісі, ВЛ автоблоктау, байланыс желі құрылғысын күрделі және ағымда ұстау мен жөндеу жұмысын өз уақытында өткізу;
  • Энергетикалық шаруашылық құрылғысын жоспарлы алдын алу және күрделі жөндеу кестесін әзірлеу;
  • ВСЛ-10кВ және автомотокөлігі, автоблоктау, ДПР желі, байланыс желісі құрылғысын сапалы ұстау мен жөндеуді қамтамасыз ету;
  • НОТ негізінде жабдықтарды ағымда ұстау мен жөндеу жұмысын өз уақытында және сапалы өтуін жоспарлау мен ұйымдастыру.

Қосымша талаптар:

  • Білімі: жоғарғы / орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Электроэнергетика; Электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және темір жолдың электр техникалық жүйесін жөндеу
  • Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: электр механигі лауазымында кемінде 1 жыл / электр механигі лауазымында кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж