Көкшетау ст. Ақмола мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы

от 260078
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
505

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
  • МЖӘ бөлімшелерінде материалдық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөнінде шаралар қабылдау.
  • жазатайым оқиғаларды тергеуді ұйымдастыру және оған қатысу, МЕӨҚҚ қызметкерлерінің еңбек тәртібін бұзушылықтарын талдау, себептерін анықтау және оларды жою үшін шаралар қабылдау.
  • МӨҚҚ өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету, сынақтарға қатысу, өрттен қорғаудың жаңа, тиімді құралдарын енгізу, МӨҚҚ бөлімшелерінде рационализаторлық ұсыныстарды әзірлеуге қатысу.
  • МЖӘ бойынша өрт-алдын алу жұмыстарының есебін дайындауды ұйымдастыру және КҚКО-ға ұсыну.
  • ТЖД, ҰҚКД, ІІД аумақтық органдарымен террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі жаттығуларға қатысу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: Жоғары;
  • Мамандығы: көлік техникасы мен технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); өрт қауіпсіздігі; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
  • Жалпы жұмыс тәжірибесі: өрт қауіпсіздігі жөніндегі басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Қосымша талаптар:

  • «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының теміржол көлігі және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілері, өртке қарсы қызмет жарғысы, «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚТЖ) Жарғысы,  сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің, менеджменттің интеграцияланған жүйесінің талаптарын регламенттейтін жергілікті актілер – ҚТЖ темір жол көлігіндегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет туралы ереже. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің  бөлімшелерінде қызметті ұйымдастыру жөніндегі құжаттардың талаптары; НҚА, НТҚ, объектілерде және жылжымалы құрамда өрт қауіптілігін бағалау және өрттің себептерін анықтау әдістері; ӨТТ қорытындылары бойынша құжаттарды рәсімдеу, өрттің себептерін тексеру тәртібі.
  • Міндетті: өрт-техникалық тексеру жүргізу, объектілерде және жылжымалы құрамда өрттердің себептерін тергеу, ДК-де, Word, Excel, PowerPoint, ЭҚЖ (электрондық құжат айналымы жүйесі) бағдарламаларында жұмыс істеу.
  • Жобалық материалдарға, көлемдік - жоспарлау шешімдеріне, өртке қарсы тосқауылдарға, өрт автоматикасы жүйелеріне, ғимараттардың, құрылыстардың, жылжымалы құрамның электр-техникалық бөлігіне сараптама жүргізуін білген жөн.
  • Қосымша талаптар: нысандар мен жылжымалы құрамның өрт қауіптілігі тәуекелдерін есептей білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы