ТҮБАЖ инженері

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
37

Қаралған саны:
807

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• ТҮБАЖ құралдарын сынақтан өткізу және пайдалануға енгізу; • Материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жабдықтарды және басқа ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; • Өнімді ерітінділерді өңдеу бойынша ТҮБАЖ зауыттарының өнеркәсіптік бағдарламасының үздіксіз және техникалық дұрыс пайдалануы мен сенімді жұмысын қамтамасыз ету; • ТҮБАЖ құралдарының жұмысындағы ақаулықтар мен бұзылулардың себептерін талдау, сенімділікті арттыру бойынша ұсыныстар беру; • Технологиялық объектілерді қайта құру бойынша жобалық және техникалық құжаттаманы талдау, құжаттаманың құрамы, жобалық шешімдер, қолданылатын жабдықтар, алгоритмдер және т. б. бойынша ТҮБАЖ құралдарының дәлдігі мен сенімділігіне әсер ететін ескертулер мен ұсыныстарды уақтылы ұсыну; • ҚР нормативтік актілеріне сәйкес жаңа жабдықтар мен техникалық құралдарды енгізуді жүзеге асыру және қажет болған жағдайда еңбекті қорғау бойынша қосымша шараларды әзірлеу; • ТҮБАЖ бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу мен енгізуді жүргізу; • Әзірленген ТҮБАЖ бағдарламалық жасақтамаға тестілеу жүргізу; • ТҮБАЖ бағдарламалық жасақтаманы сүйемелдеуді (қолдауды) жүзеге асыру; • Өнімді ерітінділерді қайта өңдеу бойынша ТҮБАЖ зауыттарының бағдарламалық жасақтамасына пысықтау жүргізу; • Реттеу сапасы мен тұрақтылығын жақсарту үшін ПИД-реттегіштердің параметрлерін талдауды, диагностиканы, баптауды және оңтайландыруды жүргізу; • ТҮБАЖ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету; • Өнеркәсіптік деректерді беру желілерін тестілеуді, диагностиканы және оңтайландыруды жүргізу; • Жабдық немесе бағдарламалық жасақтама істен шыққан жағдайда, жүйелік, арнайы, қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы, сондай-ақ ақпараттық деректер базасын қалпына келтіруді жүзеге асыру; • ТҮБАЖ бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етумен байланысты нұсқаулықтарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлеуді жүзеге асыру; • Жүйенің істен шығуын талдау, ТҮБАЖ бағдарламалық жасақтамасының сапасы мен сенімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу, осы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және өндіріске енгізуді жүзеге асыру

Білім:

• Жоғары кәсіби (техникалық) білім

Дағдылар:

• ТҮБАЖ құралдарының техникалық сипаттамаларын, құрылымдық ерекшеліктерін, мақсаты мен жұмыс принциптерін, техникалық пайдалану ережелерін білу; • Қолданылатын жүйелік, арнайы және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді білу; • Ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын қолдану және бағдарламалау әдістеріне қатысты нормативтік материалдарды білу; • Ақпаратты жіктеу және кодтау әдістерін білу; • Ақпаратты өңдеу кезінде қолданыстағы стандарттарды, есептеу жүйелерін, бағдарламалау әдістерін және есептеу техникасын қолдану білу; • IEC 6-1131-3 (IEC 61131-3)стандартының бағдарламаланатын логикалық контроллерлеріне арналған бағдарламалау тілдерін білу; • PLC SIMATIC S7-300/400/1200 элементтік базасын білу • TCP IP, Profibus деректерді беру протоколдарын білу; • Windows операциялық жүйелерін білу; • Жергілікті желілерді құру принциптерін білу; • Автоматты басқару теориясын білу; • ПИД-реттегіштердің параметрлерін есептеу әдістерін, реттеу сапасының өлшемдерін білу; • Автоматтандырудың функционалды схемаларын, электрлік және монтаждық схемаларды құрудың мақсаты мен негізгі ережелерін білу; • Техникалық құжаттаманы ұтымды және сауатты пайдалану мүмкіндігі; • Жабдықтың ақауларын диагностикалаудың практикалық дағдылары

Қосымша:

• В санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы

Білетін тілдер:

• Қазақ тілі – мүмкіндігінше; • Орыс тіл – еркін меңгеру • Ағылшын тілі – бастапқы деңгей (техникалық сала үшін)