"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Қарағанды бөлімшесі " филиалының Балқаш станциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер-технологы

286739 - 303779
НОД-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
333

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуі және жетілдірілуі бойынша станция жұмысын ұйымдастыру;
  • Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік сырқаттану жағдайын талдау;
  • Еңбек жағдайларын жақсарту, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша шараларды әзірлеуге қатысу;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі бойынша қызметкерлерді оқытуды, нұсқауды және білімдерін тексеруді ұйымдастыру;
  • Барлық жаңа жұмысқа қабылданғандармен, іссапарға жіберілген қызметкерлермен, өндірістік оқытуға немесе тәжірибеден өтуге келген студенттермен еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамалар өткізу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі)
  • Мамандығы:  Көлік, көлік техникасы және технологиялар (Вагондар, Локомотивтер және электржылжымалы құрам); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты басқару және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электроэнергетика; Стандарттау, метрология и сертификаттау; Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс бейіні бойынша 5 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)