ӘУЕ КЕМЕ ТЕХНИКТЕРІН ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

"Эйр Астана" АҚ Астана қ.
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
1314

   Конкурс туралы

«Эйр Астана» әуе компаниясының авиатехниктерді даярлау бағдарламасы қатысуға өтініштерді қабылдайтынын хабарлайды.

Бағдарлама болашақ авиатехниктерге халықаралық сертификат пен EASA Part 66 лицензиясын алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар беделді авиакомпанияда жоғары сапалы білім мен келешегі бар мамандықты ұсынады.

Бағдарламаның ұзақтығы 5 жыл, ол келесі кезеңдерді қамтиды:

1-қадам. Компаниядға жұмысқа орналасу:

Бірінші жыл компанияда кіші механик ретінде ресми түрде жұмысқа орналасуды қамтиды. Бұл кезеңде әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету саласында тәжірибе жинақтаудың басы болып табылады.

2-қадам. Теориялық оқыту:

66 модуль бойынша екі жыл теориялық оқыту, сонымен қатар емтихандарды тапсыруы. Осы уақытта аэродромда әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша практикалық жұмыстар да жүргізіледі.

3-қадам. EASA 66-бөлімінің сертификаты:

Теориялық оқуды сәтті аяқтағаннан кейін EASA Part 66 сертификатын алу.

4-қадам. EASA 66 бөлімі инженерлік лицензия:

EASA Part 66 стандарттарына сәйкес халықаралық инженерлік лицензия алу үшін әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуде екі жылдық тәжірибе қажет.

Шарттары:

  • Ұзақтығы – А санаты бар Сертификатты алу үшін – 3 жыл, В1/В2 санатындағы лицензияны алу үшін – 5 жыл;
  • Қала – Астана қаласы, аэродром аумағындағы ангар;
  • Сырт қаладан келген курсанттарды Астана қаласындағы жатақханада орналастырады;
  • Шәкіртақы;
  • Әлеуметтік пакет.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • 18 жастан 21 жасқа дейін;
  • Физика мен математиканы жақсы білу;
  • Ағылшын тілін орташа деңгейінде білу (Pre-Intermediate)

Іріктеу кезеңдері:

  • Сауалнаманың талаптарға сәйкестігін тексеру;
  • Тестілеу (ағылшын тілі, мәтіндік және сандық ақпаратты түсіну, механика заңдарын түсіну);
  • Астанадағы қорытынды кезең (топтық тапсырма, жеке әңгімелесу, практикалық тапсырма)

Бағдарламаға өтінімдер 2024 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады.