«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қарағанды жол қашықтығы № 2 Шоқай-Көкпекті өндірістік учаскесі бастығының орынбасары

от 382421
Карагандинская дистанция пути Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
891

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Телімде поездар қозғалысының белгіленген жылдамдығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Жолдарды қалпында ұстау мен жөндеу бойынша теліммен жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, еңбек өнімділігінің арттыруын, заңнамалық үрдістердің қатаң сақталуын, еңбектің ғылыми ұйымдастырулуын енгізу және жанар-жағармай энергетикалық қорлардың материалдарын дұрыс пайлануды қамтамасыз ету;
  • Бағыттамалы бұрмалардың, жолдардың, жол құрылғылары мен құралдардың, шабақтардың, рельстардың, білеулердің, барлық телімге белгіленген рельстік тізбектердің бекітпелерін тексеріп бақылайды;
  • Рельстерді бекіту мен ақаулы жерлерін алып тастаумен түйіспесіз жолдардың жарылған бунақтарын уақытша қалпына келтіруге басшылық етеді;
  • Рельсты жолтабандардың үзілмеген тсаңылауларын реттеу бойынша  жұмыстарды жүргізеді;
  • Жол жұмыстарының жол колонналары күшімен сапалы орындалуына тексеріс жасауды, жол жұмыстарының жүргізілу технологияларының ережелерін сақтауды жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары)
  • Жұмыс тәжірибесі: тиісті қызмет бейіні бойынша лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл / тиісті қызмет бейіні бойынша лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 4 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж