Заместитель Коммерческого директора

ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL) Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
561

   Конкурс туралы

Біз заманауи цифрлық қызметтердің әлеуетін іске асыру арқылы өмір сүру сапасын жақсартуға болатынына сенеміз. Біз Ookla нұсқасы бойынша үш жыл қатарынан Қазақстан операторларының ішінде байланыспен қамту және жылдамдық жағынан бірінші орында келеміз. Сондай-ақ, «Орталық Азия HR-бренді» сыйлығының шешімі бойынша елдегі ең үздік жұмыс беруші деп танылдық.

Біз қағидаларды өзгертуден, өршіл мақсаттарды қоюдан жасқанбаймыз. Өзімізге әрдайым жоғары талап қоямыз: біздің жұмысымыздың нәтижесін дос-жарандарымыз, туған-туыстарымыз, еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын миллиондаған абоненттеріміз қолданады, және өзіміз де оны қолданамыз. Адамдардың өз жақындарымен хабарласуы біздің жұмысымыздың сапасына байланысты болғандықтан, біз жұмысымызды оның сапасы үшін ұятқа қалмайтындай етіп атқарамыз.

Коммерциялық дирекция командасы сату стратегияларын жасауға және іске асыруға, баға қоюды басқаруға, серіктестік қатынастарға және маркетингтік бастамаларға жауапты.

Қазір бізге сату стратегияларын іске асыруға, клиенттермен қарым-қатынастарды басқаруға, сондай-ақ B2B және B2G бағыттарын дамытуға жауап беретін Коммерциялық директордың орынбасары қажет.

Біз сізге нені сеніп тапсырмақпыз:

  • сату стратегияларын іске асыру: кірісті ұлғайту және нарықтағы позицияларды нығайту мақсатында сату стратегияларын әзірлеу мен тиімді жүзеге асыру.
  • клиенттермен қарым-қатынастарды басқару: жоғары деңгейде қызмет көрсете және қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, клиенттермен ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынастарды құру және қолдау.
  • B2B және B2G бағыттарын дамыту: B2B және B2G саласындағы қызметті, оның ішінде стратегиялық серіктестік орнатуды, корпоративтік және мемлекеттік клиенттерге арналған жеке шешімдерді іске асыруды ұйымдастыру және дамыту.
  • коммерциялық жобаларды басқару: коммерциялық жобаларды үйлестіру және басқару, оның ішінде мерзімдері мен бюджетін бақылау, олардың сәтті аяқталуын және мақсаттарға жетуін қамтамасыз ету.
  • процестерді талдау және оңтайландыру: сату нәтижелері мен клиент тәжірибесін үздіксіз талдау, сондай-ақ тиімділікті арттыру және өнімділікті жақсарту үшін коммерциялық процестерді оңтайландыру.

Және сізден не күтеміз:

  • салада кем дегенде 5 жыл, басшылық лауазымда кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • техникалық, технологиялық және реттеуші аспектілерді қоса алғанда, телекоммуникация нарығының қызметіне сараптамасының болуы;
  • өнімді / жобаны / сатуды басқару, соның ішінде  B2B және B2C жобаларын сәтті жүргізу тәжірибесі;
  • бизнес-клиенттер мен мемлекеттік құрылымдардың қажеттіліктері мен талаптарын түсіну және телекоммуникация операторының өнімдері мен қызметтерін олардың қажеттіліктеріне сай бейімдеу қабілеті;
  • ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді қоса алғанда, барлық деңгейлерде жақсы қарым-қатынас жасау машықтары, сондай-ақ тиімді серіктестік құра білу.

Ыңғайлы жұмыс графигінен бөлек сізге не бере аламыз:

  • KPI нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • қосымша 4 демалыс күні  — жылына барлығы 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • корпоративтік ұялы байланыс;
  • ерікті медициналық сақтандыру;
  • фитнес-абонементтер жеңілдікпен беріледі және бөліп төлеуге болады;
  • нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • корпоративтік MyBook онлайн-кітапханасына кіру.

Теле2 — бұл мүмкіндіктер алаңы. Бұл жерде сені қандай болсаң, сондай күйіңде қабылдайды, қолдау көрсетеді және алдыңнан көптеген мүмкіндіктер ашылады.