«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» SAP жобасы департаментінің салықтық есеп тобының бас менеджері

от 436348
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция автоматизации и цифровизации» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
393

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • "Салық есебі" бағытындағы жобалық топты іріктеуге, дайындауға қатысады
  • "Салық есебі" бағыты жобалық тобының әрбір мүшесі үшін жауапкершілікті, жұмыстардың мазмұнын және мақсаттарын айқындайды
  • "Салық есебі"бағыты шеңберінде жасалған шарттарды әкімшілендіруге, жоба бойынша жұмыстардың орындалуын жоспарлауға және бақылауға қатысады
  • жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстарға қатысады және олардың уақтылы орындалуын және "Салық есебі"бағытының жабылуын бақылайды
  • "Салық есебі" бағыты шеңберінде жоба бойынша жұмыстарды сапалы орындау үшін олардан барлық қажетті ақпаратты алу мақсатында жоба басшысымен және демеушімен тұрақты байланыста болады
  • жоба бойынша жұмыстардың ағымдағы жай-күйін бақылайды және талдайды, ықтимал проблемаларды болжайды және шешім қабылдау үшін жоба басшысына "салық есебі" бағыты шеңберінде ұсыныстар береді
  • "Салық есебі"бағыты шеңберінде жобаны тұжырымдамалық жобалауға (диагностика және бизнес-дизайн) қатысады
  • "Салық есебі"бағыты шеңберінде пайдаланушылардың талаптарына талдау жүргізеді
Біліктілік талаптары
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы бухгалтерлік есеп және аудит, экономика және қаржы
  • Жұмыс өтілі: темір жол саласында салық есебі саласындағы кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы