«Жолаушылар тасымалы» АҚ қамтамасыз ету тобының менеджері (16 грейд)

от 436348
АҚ «Пассажирские перевозки» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
101

Қаралған саны:
928

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарынан түсетін, Қоғамның тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының бюджетін қалыптастыруға арналған өтінімдерді жинау және өңдеу.
  • Өзі жетекшілік ететін шығындар баптары бойынша шығыстар бюджетін қалыптастырып, Экономика және тасымалдар үшін есеп айырысу департаментіне беру.
  • Шығындар баптары бойынша шығыстар бюджетін орындау және ағымдағы жыл ішінде филиалдар бойынша түзетулер енгізу.
  • Қоғамның шығыстар жоспарында көзделген тауар-материалдық құндылықтар мен өзі жетекшілік ететін қызметтерді сатып алу мәселесіне қатысты маркетингтік қорытындылар зерттеулер жүргізу жөніндегі сауалдарды қалыптастырып, «Қазақхстан темір жолы» ұлттық» компаниясы» акционерлік қоғамының Сатып алу бағасы департаментіне жолдау.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Көлікті (темір жол көлігі) тасымалдауды, қозғалысын және пайдалануын ұйымдастыру; Құрылыс; Электр энергетикасы өнеркәсібі; Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Су ресурстары және суды пайдалану; Инженерлік жүйелер
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласында кемінде 7 жыл, оның ішінде қызмет саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы