"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС "Қарағанды ЖТ бөлімшесі" филиалы (1 класс) Мойынты теміржол станциясының кезекшісі (НОД-4)

282234 - 295710
НОД-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
216

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Поездарды қабылдау, жөнелту және жіберуге, станцияға жанасып жатқан аралықтардағы жағдаймен (бос немесе бос емес), жөнелту - қабылдау жолдарындағы жылжымалы құрамның орналасуына, маневрлік жұмыстарды жүргізуге қатысты ауысым жұмысымен танысу
  • Басқару құралдары, СЦБ және байланыс құрылғыларының жұмыс жағдайына, бекітілген тізімге сәйкес құрылғылардағы пломбаның қолда бары мен олардың жұмыс жағдайына көз жеткізу, есептегіш көрсеткіштерін салыстыру
  • Станция жолдарында жылжымалы құрамның дұрыс және сенімді бекітілуін, поездық және техникалық құжаттардың сақталуын тексеру, сонымен қатар белгіленген тәртіпте ауысым басында, ауысым барысында және ауысым соңында  жұмыс  орнында еңбекті қорғау жағдайы бойынша жазбалар енгізу және олармен таныстыру
  • Поездарды қабылдау, жөнелту және жіберу кезінде қозғалыс қауіпсіздігін техникалық құралдардың қалыпты жұмысы кезінде ғана емес, сондай-ақ станция жолдарында, мойындарында және күрделі метеожағдайларда (нөсер жауын, қатты жел, қар, көкмұз және басқа) байланысты қызметтердің жұмысымен бұзылу жағдайында да қамтамасыз ету 

Біліктілік талаптары:

  • Білімі жоғары, орта (техникалық және кәсіби)
  • Мамандығы:  Көлікте (салалар бойынша) тасымалдау және қозғалысты басқаруды ұйымдастыру; Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру  және қозғалысты басқару
  • Жұмыс тәжірибесі:  жоғары біліммен 2 жылдан кем емес, соның ішінде станцияның орталықтандыру қосынының кезекшісі/ парк кезекшісі/2-3 класс станциясының кезекшісі/4-5 класс станциясының бастығы/сұрыптау дөңесінің кезекшісі; поездар құрастырушысы, станция операторы лауазымдарында; орта (техникалық және кәсіби) біліммен 3 жылдан кем емес, соның ішінде  станцияның орталықтандыру қосынының кезекшісі/ парк кезекшісі/2-3 класс станциясының кезекшісі/4-5 класс станциясының бастығы/сұрыптау дөңесінің кезекшісі; поездар құрастырушысы, станция операторы лауазымдарында

Қосымша талаптар:

  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оған еншілес ұйымдар мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорындағы өндірістік – шаруашылық қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық және жергілікті актілерін білуі тиіс.

 

 

  • Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Дария станциясы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман