«Инфрақұрылымды басқару дирекциясы» «Қазпочта» АҚ филиалы Көлік және пошта техникасы бөлімінің бастығы

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
716

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) Қоғам қызметінің жетекшілік ететін саласын реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу (жаңарту) және Қоғам Басқармасының/Директорлар кеңесінің қарауына енгізу, бекітілген құжаттарды Қоғамның интернет-ресурстарында орналастыру;
2) ақпараттық жүйелерге қолжетімділік матрицаларының өзектілігін қалыптастыру және қамтамасыз ету;
3) бөлімше қызметінің бағыттары бойынша Қоғамның бағдарламалары мен жобаларын дайындауға және іске асыруға қатысу;
4) Қоғамда корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарын іске асыру;
5) бөлімнің жетекшілік ететін бағыттары шеңберінде әдістемелік материалдар мен ұсынымдар хаттарын дайындау және жолдау, өтініш білдірген Қоғам қызметкерлеріне жетекшілік ететін мәселелер бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
6) бөлімше құзыретіне кіретін мәселелер бойынша алқалы органдарға қатысу;
7) меншік иелері/қатысушылары бөлімше болып табылатын процестердің тәуекелдері бойынша тәуекелдің негізгі көрсеткіштері мәндерінің тұрақты мониторингін;
8) бөлімшеге тиесілі процестерде қалыптастырылатын/айналатын негізгі тәуекел көрсеткіштерінің мәндері туралы ақпаратты басшылыққа жүйелі түрде ұсыну;
9) бөлімшеге тиесілі тәуекелдерді азайту/басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
10) Қоғам филиалдарының көлік құралдарын пайдалануын бақылау.
Көлік құралдарын тиімді пайдалану бойынша есептерді талдау арқылы көліктердің мақсатты пайдаланылуын бақылайды.
11) Көлік құралдарына қажеттілік жоспарын қалыптастыру. Көлік паркінің жұмыс жағдайын сақтау үшін филиалдардан түскен өтініштер негізінде Компанияның көлік паркін жаңарту және дамыту қажеттілігінің жоспарын қалыптастырады.
12) Көлік құралдарын кәдеге жарату материалдарын қарастыру. Өндіріс процесіне жарамсыз көлік құралдарын есептен шығару мақсатында ішкі тәртіп ережелері, бөлім ережелері шеңберінде көлік құралдарын кәдеге жарату (сату, есептен шығару) бойынша материалдарды қарап, қорытынды дайындайды.
13) Вагондарды жөндеу кестесінің орындалуын бақылау. Ішкі нормативтік құжаттар аясында вагондарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кестесін келісуді қамтамасыз етеді, темір жол көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кестенің уақытылы және толық орындалуын бақылайды.
14) жетекшілік ететін баптар бойынша алдағы жылға арналған бюджетті қалыптастыру. Көлік құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «Пошта вагондарын ағымдағы және күрделі жөндеу», «Автокөлік құралдарын сатып алу» жетекшілік ететін шығыстар баптары бойынша бюджеттік комиссияның қарауына материалдарды қалыптастырады, үйлестіреді және дайындайды.
15) Сатып алу рәсімдеріне құжаттарды дайындау Бөлім туралы ереженің шеңберінде көлік құралдарын сатып алу рәсімдерін өткізу, пошталық вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін құжаттар пакетін жасайды. Келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын бақылайды және төлем бойынша есеп құжаттарын жүргізеді.

Талаптар:

  • Мына саладағы жоғары білім: байланыс және/немесе логистика, және/немесе экономика, және/немесе қаржы және/немесе құқық және/немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
    Осы лауазымның бағыттарына сәйкес салаларда және/немесе «Қазпочта» АҚ-да кемінде 4 жыл, оның ішінде кемінде 2 жылы «Қазпочта» АҚ-да басшылық лауазымда немесе 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы.
    ДК және MS Office бағдарламаларын пайдалану (бағдарламалық қамтамасыз ету және IS: SAP, Colvir, CRM, HP, т.б.)

Шарттары:

  • бес күндік жұмыс аптасы, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Сенбі, жексенбі - жабық