1 санатты маман – «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Ақмола филиалының қаржы, есеп және салық есебі бөлімінің есепшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Құрылымдық бөлімшелер бойынша «ВЖДО» ЖШС филиалдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы қолданыстағы Ереженің талаптарына сәйкес, Қоғам филиалының ұйымдық құрылымына сәйкес еңбекақыны есептеуді жүргізу, № 335001, 335002 шотының аналитикалық есебін жүргізу;
филиал басшысы бекіткен жұмыс уақытын есепке алу табельдерін қабылдауды, бақылауды, талдауды, өңдеуді жүргізу; - қызметкер жұмыстан босатылған кезде қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы, демалыс және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы парақтарын есептеуді жүзеге асыру, олардың дұрыс ресімделуін бақылау, белгіленген бухгалтерлік есепті жасау;
- қоғам және филиал басшылығының бұйрықтарына сәйкес (қосымша төлемдер, үстемеақылар, өтемдік сипаттағы төлемдер, материалдық көмек және басқа да есептеулер)жалақыны есептеуге қатысты бастапқы құжаттарды есепке алуды және өңдеуді жүргізу;
- жалақыдан ұстап қалуға қатысты бастапқы құжаттардың есебін жүргізу және өңдеу: салықтар, ТМҚ жетіспегені және бүлінгені үшін, атқару парақтары және басқа да ұстап қалулар бойынша;
- белгіленген мерзімде төленбеген жалақыны депозитке салу - бухгалтерлік есеп жүйесінде тиісті хабарлама жүргізу және депозитке салынған жалақының одан әрі төленуін бақылау;
- АБУ "Фаворит" - "Еңбек және жалақы" бағдарламасына деректерді енгізе отырып, бухгалтерлік операцияларды тіркеуді жүргізу, Есептіліктің тиісті нысандарын қалыптастыру;
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары кәсіби
- Саладағы мамандық: Экономика; Менеджмент; Қаржы; Есеп және аудит; еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмай
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)
Ұқсас вакансиялар