«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының материалдық - техникалық қамтамасыз ету бөлімінің менеджері – «Әкімшілік департаменті»

от 335756
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Административное управление» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
64

Қаралған саны:
519

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Компанияның жергілікті актілерінде белгіленген шарттар бойынша жеткізу тәртібі мен шарттарына сәйкес қойма үй-жайларына тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау бойынша жұмысты жүргізеді және жасалған шарттарға техникалық ерекшелікке сәйкес контрагенттермен/жеткізушілермен жұмысты қамтамасыз етеді;
  • бөлімнің орындалған жасалған шарттары бойынша төлем рәсімін жүргізу үшін ОА ның қатысушы құрылымдық бөлімшесіне құжаттар топтамасын қалыптастырады және жібереді;
  • компанияның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің негізгі құралдары бойынша активтер тізілімін жүргізу және уақтылы өзектендіру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
  • компанияның қатысушы құрылымдық бөлімшесіне тауарлық материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша материалдық есептерді қалыптастыруды, келісуді және жіберуді жүзеге асырады;
  • компанияның қатысушы құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп ОА да түгендеу жүргізуге қатысады;
  • минералды және ауыз сумен қамтамасыз етуді, компанияның басшылығын (өтінімдер бойынша), оның ішінде компания басшылығы өткізетін отырыстар мен кеңестер үшін (өтінімдер бойынша), сондай-ақ компанияның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерін бөтелкедегі сумен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  • компанияның ресми іс-шарасын өткізу үшін киіз үйлерді, үстелдерді, жиһаздарды және басқа да мүкәммалдарды орнату бойынша жұмыстарды (техникалық) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіби
  • Мамандығы: Экономика және менеджмент, Байланыс саласындағы экономика, Құқықтану, Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, Тасымалдауды, қозғалысты және темір жол көлігін пайдалануды ұйымдастыру
  • Жалпы жұмыс өтілі: кемінде 2 жыл жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде мамандығы/қызмет бағыты бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

Қосымша талаптар:

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу: Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», Қазақстан Республикасының «Темір жол көлігі туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Темір жол көлігі туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Салық кодексі және басқалары;
  • қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген, ағылшын тілін жетік меңгергені жөн;
  • ЭДО бағдарламалық қамтамасыз етуінде, Microsoft Word, Microsoft Excel бағдарламаларында жұмыс істей білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)