Ғимараттарды кешенді күту және жөндеу жөніндегі жұмысшы

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
382

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін ғимараттарды кешенді күту және жөндеу жөніндегі жұмысшыға келесі лауазымдық міндеттер жүктеледі: • Бекітілген аумақты жинау; • Жасыл екпелерді күтуге байланысты қажетті рәсімдерді орындау: ағаштарды отырғызу және кесу, көгалдарды егу және қырқу, суару және т. б.; • Аумақты алдын ала ылғалдай отырып, аумақты, өтпе жолдар мен тротуарларды қардан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қоқыстан тазарту; • Мұзды жару және қар-мұз түзілімдерін жою, аумаққа құм себу; • Аумақта орнатылған қоқыс салатын жәшіктерді олардың толуына қарай (күн сайын) және оларды орнату орнын тазалау; • Сантехникалық жабдыққа ұсақ (болмашы) жөндеу жүргізу; • Өзіне сеніп тапсырылған аумақтағы ғимараттар мен құрылыстардың (терезелер, есіктер, шатыр, еден жабыны және т.б.) жай-күйін бақылау. Қажет болған жағдайда жөндеуді, ауыстыруды, сырлауды, ақтауды, ағаш ұсталық жұмыстарды және т. б. жүзеге асыру.; • Шлангілерді жууға және суаруға арналған жабдықтарды сақтауды және суаратын крандарды пайдалануды қамтамасыз ету; • Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген жағдай туралы, қызмет көрсетілетін аумақта болған әрбір жазатайым оқиға туралы өзінің тікелей басшысына хабарлау; • Аумақты жинау бойынша өзге де жұмыстарды орындау; • Тікелей Серіктестік жататын өндірістік учаскелерде, кеңселерде, қоймаларда, тұрғын үй-жайларда қосалқы, жөндеу және қосымша жұмыстарды орындау; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Серіктестіктің басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Серіктестіктің басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Серіктестіктің өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс); • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Серіктестікке тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда); • Демалысқа шықпас бұрын, вахтааралық демалысқа, жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғанға дейін және т. б., орындаудағы істерді және/немесе материалдарды qms00-00-01 нысаны бойынша ауысымшы қызметкерге немесе ауысымшыны алмастыратын қызметкерге не тікелей басшыға беру; • Қолданыстағы шарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді тиісті бақылау (бар болса); • Серіктестіктің Бас директорына және/немесе комплаенс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау; • Тікелей басшыға ғимараттарды кешенді күту және жөндеу жөніндегі жұмысшының лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.

Білім:

Орта, арнайы орта

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалда • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Жөндеу-құрылыс жұмыстарының негіздері және оларды орындау тәсілдері; • Материалдардың түрлері; • Құралдардың мақсаты мен құрылысы; • Жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары

Қосымша:

• Бау өсіру және көгалдандыру, балташылық және сантехникалық дағдылар, механикалық және электрлік құралдармен жұмыс жасау;

Білетін тілдер:

• Орыс тілін білу (ауызша және жазбаша) - мүмкіндігінше; • Қазақ тілін (ауызша және жазбаша) білу-міндетті;