Техникалық сатып алу жөніндегі маман

"Эйр Астана" АҚ Алматы қ.
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
28

Қаралған саны:
338

   Конкурс туралы

МАҚСАТЫ:

Қазақстан Республикасының заңнамасына және компанияның Регламентіне сәйкес әуе кемелерінің техникалық жағдайын сақтау үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін уақытылы сатып алу рәсімдерін бастау және жүргізу.

МІНДЕТТЕР:

  • ERP және TRAX жүйесінде өтінімдерді қабылдау және өңдеу.
  • Өтінімдердің дұрыстығын және техникалық шарттар мен бюджетке сәйкестігін тексеру.
  • Жобаны сатып алу жоспарына жылдық/ұзақ мерзімді тиісті өзгерістерді енгізу.
  • Ережеге сәйкес жобаларды сатып алу тәсілін анықтау.
  • Жаңа сатып алулар бойынша маркетингтік зерттеулерді жүргізу және жобаларды қайта сатып алу үшін бағалардың салыстырмалы кестелерін құру.
  • Әуекомпания өткізетін сатып алуларға жеткізушілердің максималды санының қатысуын қамтамасыз ету үшін барлық әлеуетті жеткізушілерге жарияланған жобаларды сатып алу туралы сұраныстарды жіберу.
  • Жобаларға келіп түскен баға ұсыныстарын талдау және Ереженің талаптарына сәйкес жеткізушіні таңдау.
  • Тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды жеткізудің шарттары мен мерзімдерін келісу үшін жеткізушілермен жобалар бойынша келіссөздер жүргізу.

ТАЛАПТАР:

  • Білімі: жоғары.
  • Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан бастап.
  • Тілдерді білү: орыс тілі – жоғары деңгей, қазақ тілі – тереңдетілген, ағылшын тілі – upper intermediate.
  • Microsoft Microsoft Office бағдарламаларымен жұмыс істеу: Excel - формулалар мен функцияларды қолдана отырып, әртүрлі есептеулер жүргізуге және салыстырмалы матрицаларды құруға, графиктер мен диаграммалар құруға, мәліметтерді көрсетуге және талдауға қабілеттілігі.
  • Электронды сатып алулардың ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау.
  • Клиентке бағдарланған қызмет көрсету
  • Келіссөздер жүргізу.
  • Байланысқа бейімділік
  • Көп өлшемді жағдайда жұмыс істей білу.
  • Мерзімдерді сақтау
  • Нәтижеге бағытталу