Іскерлік әдеп және комплаенс саласындағы тергеу жүргізу тобының жетекшісі

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
1481

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • комплаенс саласындағы тергеулер бойынша жалпы жауапкершілік атқару;
  • түрлі директораттар (оның ішінде келісімшарттар жасау және сатып алу, қауіпсіздік, кадрлар, АТ, және т.б.) ішінде тергеу жүргізу топтарын құруға және дамытуға жауап беру;
  • тергеулер барысында пайдаланылатын стандарттар мен құралдарды және осы тергеулерді жүргізу үшін ресурстарды әзірлеуге жауап беру;
  • комплаенс саласындағы тергеулерді жүргізуге арналған ресурстарды қысқа және ұзақ мерзімді жоспарлау үшін жауап беру;
  • тергеу жүргізу стандарттарын әзірлеу және өзге тергеушілердің сол стандарттарды толыққанды пайдалануын қамтамасыз ету;
  • комплаенс саласында тергеулер мен сот-бухгалтерлік сараптама жүргізу құралдарын әзірлеуге жауап беру;
  • комплаенс саласындағы болашақ тергеушілермен білім алмасуға және оларды оқытуға жауап беру.

Комплаенс саласындағы тергеулердің жүргізілуін басқару:

  • комплаенс саласындағы тергеулер тізбегін басқару. Ол келесілерді қамтиды, бірақ бұлармен шектелмейді: алаяқтық, ұрлық, пара алу, пара беру, мүдделер қайшылығы жағдайлары, сондай-ақ қызметкерлердің, мердігер қызметкерлердің, сатушылардың/жабдықтаушылардың және басқалардың қатысуымен болған жалпы сыбайлас жемқорлық мәселелері. Сонымен қатар бұған кей кезде монополияға қарсы тергеулерді жүргізу кіреді;
  • (а) компания мен қызметкердің сенімін арттыру, және қаржы ысырабы, абырой-беделді жоғалту жағдайлары мен басқа да салдарларды азайту, сондай-ақ (ә) басшылықтың шешім қабылдауына, соның ішінде салдарды басқаруға тиімді жағдай жасау мақсатында іскерлік әдеп кодексін, компания саясаттарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды ықтимал бұзу жағдайларын тергеуді басқару және жетекшілік ету;
  • іскерлік әдеп және комплаенс бөлімі бастығымен бірге әрбір тергеу ісіне тергеу стратегиясын белгілеу және оның орындалуын қадағалауға көмек көрсету және / немесе тергеушілерге және / немесе тергеу топтарына тергеу істерін тапсыру, сондай-ақ тергеу топтарын тиісті сала мамандарымен жасақтау үшін жауап беру;  тергеу барысында әрбір тергеу тобы мүшелерінің жұмысын қадағалау және басқару;
  • азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот стандарттарына сәйкес куәгерлер мен тергелуші тұлғалармен сауалнама жүргізу, сонымен қатар айғақтарды (сандық және қағаз түріндегі нұсқалар) жинау, сақтау және талдау;
  • үшінші тарап мердігерлері, сот-бухгалтерлік сараптама фирмалары және компьютерлік-техникалық сараптама жүргізуші мердігерлермен тиімді қарым-қатынас жасау және, кей жағдайларда, олардың жұмыстарын бақылау;
  • ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктерін бағалау және салдарды азайту шараларын ұсыну / жүзеге асыру.

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

  • қаржы саласында магистр, кемінде бакалавр дәрежесі болу керек; заң саласында жоғары білімінің болуы талап етілмесе де, болғаны жақсы;
  • ірі энергетикалық жоба немесе компанияда істеген 10 жылдық (кем дегенде) жұмыс тәжірибесі;
  • аудит жүргізу бойынша кемінде 10 жылдық тәжірибе, оның ішінде комплаенс саласында тергеулер жүргізу бойынша кемінде 2 жылдық тәжірибе;
  • ұрлық пен алаяқтықты тергеу жөніндегі маманның және/немесе ішкі аудитордың куәлігі болу керек;

Оған қоса, төмендегідей машықтар қажет:

  • азаматтық/қылмыстық процесс барысында жұмыс өніміне қатысты түсінік беру қабілеті;
  • есеп жүргізу, келісімшарт жасау мен сатып алу, және қаржы салаларын білу керек;
  • алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды білу мықты артықшылық болып табылады (оның ішінде АҚШ-тың шетелдегі сыбайлас жемқорлық туралы заңы және Ұлыбританияның парақорлыққа қарсы күрес заңы);
  • жоғары басшылыққа маңызды мәселелерді таныстыру және талқылау тәжірибесі.
Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

  • Қаржы және/немесе заң саласында жоғары білімі болуы тиіс. Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесінің болғаны лазым, бірақ міндетті емес;
  • ымырасыз әдептілік, кәсіби адалдық пен ақ ниеттілік, соның ішінде тергеуді жүргізу және басқару барысында қатаң құпиялылық, тәуелсіздік және кәсіпқойлық стандарттарын сақтау қабілеті;
  • әртүрлі деңгейдегі лауазымды тұлғаларымен байланыс орнату және тиімді қатынас жасау қабілеті;
  • концептуалдық және аналитикалық проблемаларды шешудің мықты машықтары, көп көлемді деректер мен ақпаратты талдау және ұсақ-түйекке тіреліп қалмай, негізгі маңызды элементтерге жету тәжірибесі;
  • ынтымақтастыққа әрқашан әзір болып, көпұлтты және көпбейінді топтармен сәтті жұмыс істеу қабілеті;
  • өте сенімді, ынталы, жаңа идеяларды табуға және олармен ойланбастан бөлісуге ниетті болу;
  • мықты талдау дағдылары;
  • электрондық деректер жүйесін және деректерді жинау жүйесін білу;
  • жоғары дәрежедегі әділдікті қамтамасыз ету қабілеті;
  • мүдделі тараптармен тиімді қарым-қатынас орнатудың өте жақсы машықтары болуы тиіс.
  • Компанияның экономикалық және қаржылық қызметі бойынша есеп жүргізу және есептілік тәртібі;
  • іскери келісімшарттар, ұжымдық келісімдер, салалық және аймақтық келісімдер әзірлеу және ресімдеу тәртібі;
  • заманауи ақпараттық технологияларды, компьютерлік технологияны, байланыс және телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелендіру, есебін жүргізу және сақтау тәртібі;
  • экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)