Келісімшарт кеңесі және мүдделі тараптармен қарым-қатынас жөніндегі бөлім бастығы

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
1047

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:

  • Елеулі және жалпы мердігерлік жұмыс көлемдері жөніндегі Келісімшарт кеңестерінің процестері мен жұмыстарының тиімді, нәтижелі және СКӨБК, БҚК талаптары мен Тендерлік процедураларға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында КК төрағасының, КК мүшелерінің, КжС жөніндегі бас менеджердің, КжС жөніндегі 
  • функционалдық менеджерлер мен жалпы бөлімдердің жұмысын үйлестіру және олармен тікелей қарым-қатынас жүргізу арқылы Келісімшарт жасау жән атып алу жөніндегі менеджерге (Жоғары өндірістік стандарттар, бақылау және аудит) қолдау көрсету;
  • Келісімшарт кеңесіне өтінімдер бойынша сапа, дұрыстық және СКӨБК мен тендерлік процедураларға сәйкестік тұрғысынан тиісті шешім қабылдауға қатысты қолдау көрсету мақсатында Келісімшарт жасау және сатып алу жөніндегі менеджермен (Жоғары өндірістік стандарттар, бақылау және аудит), келісімшарт иелерімен, келісімшартқа жауапты тұлғалармен және КжС жөніндегі менеджерлермен Елеулі мердігерлік жұмыс көлемдері жөніндегі Келісімшарт кеңесіне өтінімдердің сапасын тексеру/қарау үшін тікелей жұмыс істеу және, қажет болғанда, қарым-қатынас жүргізу;
  • өтінімдердің сапасын тексеру жұмыстарын тиімді және нәтижелі орындауға арналған стандарттық құралдар, тексеру парақтарын, ННК-лер және ауытқушылықтарды тиісті КЖС жөніндегі функционалдық менеджердің және КжС жөніндегі Бас менеджердің назарына жеткізу механизмдерін әзірлеу және жүзеге асыру;
  • Келісімшарт кеңесіне барлық өтінімдердің жалпы сапасын, уақтылы тексерілуін және олар бойынша шешім қабылдануын қолдау үшін Келісімшарт кеңесі төрағасымен және Елеулі мердігерлік жұмыс көлемдері жөніндегі Келісімшарт кеңесі мүшелерімен тікелей жұмыс істеу, бәсекеге қабілеті тендерлер өткізу, тендерлер бойынша шығындарды оңтайландыру мүмкіндіктерін анықтау және СКӨБК, БҚК талаптары мен Тендерлік процедураларға сәйкестікті қамтамасыз ету;
  • Кез келген өтінім беру процесінің Тендерлік процедураларға, Өкілеттіктер туралы ережеге және ішкі процедураларға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында (мысалы, келісімшарты бекіту қадамдарының дұрыс реттілігі, тиісті өкілеттік деңгейі, құжаттардың толық жиынтығы, кешіктірілген өтінімдер алдын ала бекіту, қандай да болмасын шұғыл өтінімдерді пошта арқылы алдын ала бекіту) келісімшарт иелерімен, келісімшартқа жауапты тұлғалармен және КжС жөніндегі менеджерлермен тікелей жұмыс істеу;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

  • экономика/қаржы/заң/бизнес-менеджмент саласында жоғары білімі;
  • магистр дәрежесінің болғаны лазым;
  • мұнай және газ саласында кем дегенде 8-10 жыл жұмыс тәжірибесі мен жан-жақты кәсіби тәжрибесі;
  • жеткізілімдер тізбегін басқару бойынша расталған біліктілігі;
  • елеулі жұмыс көлеміне арналған келісімшартты орындау және келісімшарт жасау бойынша қағидаттарды, теорияларды және тұжырымдамаларды білу;
  • түрлі мәдениет және ұлт өкілдері жиналған ортада жұмыс істеген және ұйымдағы жоғары деңгейлі персоналмен нәтижелі қарым-қатынас құру тәжірибесі.
  • келісімшарттар мен сатып алу саласына қатысты кәсіби дағдыларының: коммерциялық, үйрету / тәлімгерлік ету / ықпал ету дағдылары болуы тиіс және қарым-қатынас жүргізу / ақпарат ұсыну, топқа, оның ішінде көп ұлтты және көп мәдениетті топқа жетекшілік ету дағдылары;
  • Акционерлер Комитеті процесіне арналған басқару келісімдері/құрылымдары/процедуралы бойынша шеберлік деңгейдегі дағдылары;
  • компания ішінде кез келген деңгейде жұмыс істеу дағдысы;
  • міндеттерді қысқа мерзімдерде орындау, өзгерістер мен анықталмаған тапсырмаларды шешуге дайын болу, тікелей қарамағындағы және қосымша топтармен жұмыс істеу қабілеті;
  • жетекшілік ету дағдылары;
  • жұмыс өнімділігіне / нәтижеге қол жеткізу қабілеті;
  • топта жұмыс істеу, басқа сала мамандарымен және сыртқы мекемелермен жиі қарым-қатынас жасау;
  • ішкі және сыртқы талаптарды жауапты орындау;
  • ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауды жетік білу;
  • тұлғааралық қарым-қатынас жасау бойынша жақсы дағдылары; тікелей қарамағындағы қызметкерлерге / топ мүшелеріне тәлімгерлік ету / үйрету қабілеті;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)