Комплаенс жөніндегі жетекші маман

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
1324

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • іскерлік әдеп және комплаенс саласында тергеу жүргізу жөніндегі үйлестірушімен кеңесе отырып, Іскерлік әдеп және комплаенс тобына тағайындалған жұмыстар бойынша алаңдаушылық туғызатын мәселелер мен шағымдармен жұмыс істеу;
  • тергеулерді «НКОК» компаниясының тергеу жүргізу қағидаттарына сәйкес тиісті әрі тиімді тәсілмен жүргізу;
  • күдіктілер мен куәгерлерден жауап алу;
  • бұзушылық туралы хабарлаған, жасырын болып қалғысы келетін қызметкерлердің мүдделері мен берілген ақпараттарының құпиялылығын толықтай сақтау;
  • дәлелдерді өздігінен жинау, сақтау және талдау (электрондық түрде және қағаз жүзінде);
  • тәуелсіз техникалық сараптамаға және супервайзерге ұсынылатын есептерді қысқа әрі түсінікті жазу;
  • негізделген шешім қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында басшылыққа құрылымдалған құжат түрінде жасалған дәлелдерді ұсыну;
  • бақылау жүйесінің осал жерлерін анықтау және тиісті мүдделі тараптармен байланыса отырып оның әсерін төмендету;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
  • қаржы және/немесе заң саласында жоғары білімі;  Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесінің болғаны лазым, бірақ міндетті емес;
  • кемінде 6 жыл тиісті жұмыс тәжірибесі, әсіресе аудит және/немесе қаржы және/немесе іскерлік әдеп және комплаенс саласында;
  • SAP және Excel секілді бағдарламалармен жан-жақты қызмет көрсетуге қажетті орта деңгейдегі білімі;
  • түрлі құқықтық құжаттарды қарастыру, тексеру және өңдеу үшін іскерлік әдеп және комплаенс қағидаттары, тұжырымдары, процедуралары мен терминологиялары бойынша білімі және оларды қолдану дағдысы;
  • түрлі зерттеу көздерін, соның ішінде олардың электронды түрлерін білу және сан алуан іскерлік әдеп және комплаенс мәселелері бойынша зерттеу жүргізу және ақпарат талдау қабілеті;
  • іскерлік әдеп және комплаенс құралдарын талдау және қолдану, нәтижелер, ұсыныстар мен пікірлерді нақты және мұқият әзірлеу және ұсыну қабілеті;
  • келісілген стратегияларға сәйкес келетін нақты мақсаттар әзірлеу қабілеті.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

  • көп ұлтты және түрлі мүдделі тараптардан тұратын ортада жұмыс істеу қабілеті;
  • талдау жасау және жинақтап зерттеу дағдысы;
  • жақсы ауызша және жазбаша қарым-қатынас құру машықтары;
  • ағылшын тілін ауызша және жазбаша жақсы білу;
  • құжаттар әзірлеу бойынша үздік дағдылары;
  • адамдарды және қарым-қатынастарды басқару дағдысы;
  • басшылыққа тәуелсіз заңгерлік көмек беру қабілеті;
  • жоспарлау және ұйымдастыру машықтары;
  • шетін мәселелерді шешуде сыпайылық және қайраттылық таныту.
  • жұмыстар мен тапсырмалардың басымдылығын анықтау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)