"KTZ Express"АҚ бухгалтерлік және салықтық есепке алу департаменті салықтық есепке алу жөніндегі топтың бас менеджері (18 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Қоғамның белгіленген көлемдерінде (ай сайын, тоқсан сайын және жылдық) салық есептілігін КТС (тно 100.00)бойынша тапсырады;
- "ҚТЖ "ҰК"АҚ-да КТС, қоғам және қоғамның еншілес ұйымдары бойынша ұсынылған салық есептіліктерінің дұрыстығын талдауды, ай сайынғы, тоқсандық және жылдық салық есептерін жасайды, тексереді, тапсырады;
- Кейінге қалдырылған табыс салығының есебін жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес Қоғамның есеп саясатын әзірлеу және оған өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс процесіне қатысады;
- Жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілік тұрғысынан аудиторлық компаниялармен КТС бөлігінде жұмыстар жүргізеді;
- КТС бойынша резидентрезстерге қатысты кеңес береді, тексереді, есеп жүргізеді;
- Өз құзыреті шегінде есеп беру процесінде туындайтын мәселелерді шешеді;
- Салық есебінде ҚР Заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы қолдану, сертификаттарды ұсыну растау ;
- Салықтық есепке алу әдіснамасы бойынша ақпаратты және құрылымдық бөлімшелердің сұрауларына жауаптарды қалыптастырады;
- Қоғамның салықтық есеп саясатын әзірлейді және өзекті күйде ұстайды;
- Қоғамның тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жасалатын шарттарын ресімдеудің дұрыстығын қолданыстағы заңнамаға және ҚР Салық кодексіне сәйкестігі тұрғысынан тексереді
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Есеп және аудит, Қаржы
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл (қызмет бейіні бойынша),экономика және қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
Қосымша талаптар
- Қызмет бейініне қатысты заңнамалық, мемлекеттік және басқалармен, актілермен және нормативтік құжаттармен жұмыс істей білу.
- Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;
- "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы"заң;
- Қаржы-шаруашылық қызмет мәселелерін реттейтін және бухгалтерлік есеп саласындағы мәселелерді реттейтін жергілікті актілер;
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман