"KTZ Express" АҚ филиалының сату және клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің бас маманы - "KTZE Западный"

335756 - 575582
филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Западный» Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
35

Қаралған саны:
437

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Әлеуетті клиент туралы ақпаратты алдын ала жинау (байланыс деректері, e-mail, компанияның қызмет саласы және т.б.).
  • Суық байланыс (қоңырау шалу, ЛПР-ға шығу (шешім қабылдаушы), танысу); қажеттіліктерді анықтау (маршруттар, жүк, көлем, жұмыс істеп тұрған экспедиторлар, қолданыстағы ставкалар және т.б.) компания туралы үлгілік коммерциялық ұсыныс пен презентация жіберу.
  • Тарифтерді есептеуге сұрау салулар тізілімін жүргізу (кіріс сұрау салулар саны, есептелген, есептелмеген, себеп).
  • Шартты жасасу көліктік-экспедициялық қызмет көрсету (ТЭН), өтінім алу, клиенттерге ақы төлеуге шот ұсыну.
  • Тасымалдау бойынша сальдо жүргізу үшін клиенттер бойынша бет картасын ашу және жүргізу.
  • Жүк ағындарын талдау және мониторингілеу (нарықты сегментациялау, бағыт, көлем, жүк, ҚС түрі, бәсекелестер, қолданыстағы мөлшерлемелер, қажеттіліктер және проблемалық учаскелер).
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар; вагондар; экономика, тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану (темір жол көлігі); құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Логистика (көлікте); Менеджмент, Құқықтану
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр