Ақпараттық қауіпсіздік сарапшысы

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
734

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • құпия, коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты/мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
  • ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін және корпоративтік ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау шараларын жүзеге асырады;
  • Филиалдың ақпараттық жүйелерінен ақпараттың ағып кету фактілері бойынша ішкі аудиттер/тексерулер жүргізеді;
  • интернет-ресурстар арқылы ресми ақпараттың жариялануын және сыртқа шығуын, ресми ақпаратты бұрмалауды және жоюды болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;
  • электрондық ақпаратты қорғау және қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • Филиалдың компьютерлік желілерін сыртқы/ішкі енуден қорғауды қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады;
  • Филиал басшылығын ақпараттық қауіпсіздіктің ағымдағы жай-күйі туралы тұрақты шолулармен және талдамалық есептермен, ақпараттық қауіпсіздік саясатын іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша үзінділермен ақпараттық қамтамасыз етеді;

Талаптар:

  • Ақпараттық технологиялар саласында кемінде 6 жыл (жүйені басқару немесе жүйелік интеграция)
  • Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңын білу;
  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын білу;
  • Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын білу.
  • Ағымдағы кәсіпорын бағдарламалық қамтамасыз етуді білу; интеграцияланған ақпараттық жүйелер: электрондық құжат айналымы жүйелері, бухгалтерлік есеп жүйелері, бизнес-аналитика жүйелері, корпоративтік ақпаратты электрондық сақтау
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін талдау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді анықтау, талдау және бағалау дағдылары
  • Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерін жобалау және құру дағдылары;
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласында ішкі аудит (тергеу) жүргізу дағдылары;

Шарттары:

  • Астана
  • 5/2

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Ақпараттық қауіпсіздік