"ҚТЖ" ҰК АҚ Алматы магистралды желі бөлімшесі филиалы Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының Алматы түйіспелі желі ауданының АДМ машинисті

от 232966
Алматинская дистанция электроснабжения Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
207

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  1. Өздігінен жүретін жылжымалы құрамды (ӨЖЖҚ) жүргізудің және маневрлік жұмыстарды орндаудағы белгіленген технологияларын орындау
  2. Көлік құралын қабылдап алу кезінде, сондай –ақ маршрут бойындағы аялдамаларда осы мәселе бойынша нормативтік құжаттардың және жергілікті актілердің белгіленген талаптарын қатаң сақтай отырып, ӨЖЖҚға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру
  3. ӨЖЖҚ бригадсы мен поезд диспетчері немесе станция кезекшілері арасындағы келіссөздер, өнімділікті өзара бақылау және қырағылықты тексерудің басқа нысандары үшін темір жолда белгіленген ережелерді сақтау
  4. Маршруттық парақтарды қоса отырып, ӨЖЖҚ қозғалыс параметрлерін тіркеу касеталарын уақытылы жеткізу

Біліктілік талаптары:

Білім

толық емес орта білім, орта білім, "машинист АДМ"  бағдарлама бойынша арнайы дайындық, автомотрисса жүргізу күәлігі

Еңбек өтілі

Еңбек өтіліне талап қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім