«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының жетекші инженер-технологы

360720 - 373404
НОД-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
154

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Сатып алу ережелеріне сәйкес тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бір көзінен сатып алуға тапсырыстарды әзірлеу;
  • Баға ұсыныстарын сұрату арқылы тауарларды жеткізуге арналған келісім-шарттардың жобаларын жасау (вагондарды жеткізу және шығару және кірме жолдарға қызмет көрсеті шарттарын қоспағанда);
  • Жабдықтаушыларды іздеу, жеткізушілердің жаңа ұсыныстарын зерделеу, жаңа жеткізушілерді тарту бойынша негізделген ұсыныстарды басқаруға дайындау;
  • Бастамашы бөлімшелермен бірлесе отырып, келісім-шарт талаптарына сәйкес тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу мерзімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Бекітілген ережелерге сәйкес жеткізушілермен, бастамашы бөлімшелермен және салалық кәсіпорындармен тауарларды сатып алу бойынша шарттарды әзірлеу және келісу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиясы (Вагондар, Локомотивтер және электржылжымалы құрам); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты басқару және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электроэнергетика; Стандарттау, метрология и сертификаттау; Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Инженерлік жүйелер; Құрылыс (Темір жол құрылысы; Жол және жол шаруашылығы); Машина құрылысы (Технологиялық машиналар және жабдықтар); Ақпараттық жүйелер; Аспаптар құрылысы
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша 2 жылдан кем емес болуы тиіс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы