"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының жабдықтау департаментінің жұмыстары мен қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі функционалдық бағыттың менеджері (15 грейд)

от 382762
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
43

Қаралған саны:
444

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • бекітілген жылдық сатып алу жоспарының, филиалдардың қажеттіліктері үшін жұмыстар мен қызметтерді ұзақ мерзімді сатып алу жоспарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
  • алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер талап етілетін құрылымдық бөлімшелер ұсынған сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшеліктерді (бұдан әрі - Бастамашылар) сатып алу жоспарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және келіседі;
  • дирекцияның қатысушы департаменттерімен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шарттарының (үлгілік шарттың) жобасын әзірлейді, келіседі;
  • тендерлік рәсімдерді өткізу мақсатында өтінімдерді одан әрі жіберу үшін дирекцияның құрылымдық бөлімшелері ұсынған сатып алуды жүзеге асыру үшін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша жиынтық өтінімді жинайды және қалыптастырады; 
  • Қордың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша "бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы" бұйрықтарды/шешімдерге қол қоюды әзірлейді, келіседі және қамтамасыз етеді.
  • өткізілген сатып алу нәтижелеріне сәйкес сатып алу жөніндегі шарттарды әзірлейді, келіседі және жасасуды қамтамасыз етеді;
  • Дирекциямен шарт жасасқан жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – Өнім берушілер) шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуін бақылайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білім: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандық: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар)", "Құқықтану", "Халықаралық құқық", "Экономика", "Менеджмент", "Маркетинг", "Қаржы", "Есеп және аудит", "Машина жасау", "Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)", "құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы)", "Су ресурстары және суды пайдалану", "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі)".
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс бейіні бойынша кем дегенде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)