ӨМГ кен орындарын қалпына келтіру жөніндегі жобалық кеңсенің сарапшысы

"КМГ Инжиниринг" ЖШС "Қазмұнайгаз ҒЗЖИ" филиалы Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
540

   Конкурс туралы
Филиалдың тақырыптық жоспарында қызмет ету үшін көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, мұнай өндіру технологиялары саласында қойылған міндеттерді тиімді шешудің жолдары мен әдістерін таңдау;
кен орындарын игеру жобаларын жасау және авторлық қадағалау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
техникалық тапсырмаларды, әдістемелік және жұмыс бағдарламаларын, техникалық-экономикалық негіздемені, мұнай өндірудің инновациялық технологиялары саласындағы ғылым мен техниканы дамыту бойынша болжамдар мен ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
техникалық құралдар мен технологияларды әзірлеуге, олардың құрылғылары мен жұмыс принциптерінің сипаттамаларын жасауға, сондай-ақ әзірленетін техникалық шешімдердің есептеулері мен негіздемелерін жүзеге асыруға қатысу;
өндіру мұнай ұңғымалары жұмысының тиімділігін бағалау, олардың өндіру мүмкіндіктері мен пайдалану сенімділігін арттыруға бағытталған техникалық шешімдерді әзірлеу;
кәсіпшілік тереңдік-сорғы жабдығының оңтайлы массалық-габариттік параметрлері мен жұмыс режимдерін (Ұңғымаларды режимге шығару) есептеу және ұсыну: УШГН, УЭЦН және УШВН;
мұнай-газ кен орындарында мұнай мен газ өндірудің жаңа техникасын, технологиясын енгізу бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманы (регламенттерді), жобаларды әзірлеу;
технологиялық тиімділікті бағалауды және мұнай мен газ өндірудің жаңа техникасы мен технологиясын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау (ОПИ) бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
мұнай өндіру технологиялары саласындағы соңғы жетістіктерді игеру және біліктілігін арттыру есебінен өз еңбегінің сапасы мен өнімділігін арттыру;
еңбек қызметінде пайдалану мақсатында арнайы әдебиетті және басқа да ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін, сондай-ақ озық инновациялық технологияларды зерделеу;
әлемдік мұнай саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерге мониторинг жүргізу;
ағымдағы және есептік құжаттаманы ресімдеу бойынша техникалық жұмысты орындау, материалдарды графикалық ресімдеуді жүзеге асыру
қызмет басшысы Берген біржолғы жұмыстарды орындау;
мұнай-газ кен орындарында мұнай мен газ өндірудің жаңа техникасын, технологиясын енгізу бойынша ақпарат іздеуді жүргізу;
техникалық құжаттамаға шолулар, пікірлер мен қорытындылар дайындау;
қызмет БМЖ құжаттамасының талаптарын сақтау;
экологиялық аспектілерді/ қауіптерді анықтауға және қызмет тәуекелдерін бағалауға қатысу;
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім
1. Мұнай және газ өндіру саласындағы отандық және шетелдік жетістіктер;
2. Техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі;
3. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді басқару жүйелері;
4. Техникалық есептеулер мен есептеу жұмыстарын орындау әдістері мен құралдары;
5. Филиал құрылымының профилі, мамандануы және ерекшеліктері;
6. ИСО 9001; ИСО 14001; OHSAS 18001 халықаралық стандарттары;
7. Қызмет сапасы саласындағы мақсаттар;
8. Қызмет БАЖ құжаттамасы;
9. Қызмет көрсету құрылғыларын пайдалану ережелері.

Жұмыс орны: Жаңаөзен қаласы, Қазұпимұнайгаз ғимараты

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр