Ұңғымаларды игеру және қабылдау шебері

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
211

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

* Гидрогеологиялық ұңғымаларға геологиялық-техникалық наряд жасайды; * "Инкай" кен орнының барлық учаскелерінде гидрогеологиялық және геотехнологиялық параметрлерге және жалпы өндіру үдерісіне бақылау жүргізеді; * Технологиялық полигондар бойынша шаймалау және өнімді ерітінділердің теңгерімін жасайды және өзгертеді, өндіру процесін оңтайландыру үшін шаймалау ерітінділерінің қышқылдығын бақылайды; * Тау-кен дайындық жұмыстарын жобалау үшін деректерді дайындау үшін "Кеніш" жүйесін пайдаланады; * Гидрогеологиялық жұмыстар бойынша есептерді дайындайды; * Гидрогеологиялық жұмыстардың барлық заңнамалық нормалар мен талаптарға толық сәйкестігін қамтамасыз етеді; * Өндірістің жаңа технологиялық процестері мен режимдерін, сондай-ақ өндірістік кестелерді әзірлеуге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады; * Өз құзыреті шегінде аралас құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен жұмыс істейді; * Технологиялық ұңғымаларды салу және оларды қабылдау бойынша жұмыстарды бақылауға қатысады;; * Жазатайым оқиғаларды/оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізуге қатысады; * Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы кез келген бастамаларды әзірлеуге және ілгерілетуге қатысады; * Қолайлы еңбек жағдайларын жасау, өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық мәдениетін арттыру, жұмыс уақыты мен өндірістік жабдықты ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады; * Озық тәжірибені таратуға, бастаманы дамытуға, рационолизаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізуге жәрдемдеседі; * Компанияның тікелей басшысының, Бас директорының және қажет болған жағдайда жедел, өндірістік, басқа мәжілістердің және басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен алға қойылған міндеттерін уақтылы орындау; * Өз құзыреті шегінде қызметкердің еңбек қызметіне қатысты Жжмыс берушінің актілерін, саясаттарды, ережелерді, нұсқаулықтарды және Компанияның басқа да құжаттарын жеке сақтауды қамтамасыз ету; * Еңбек, ұжымдық шарттарға, осы лауазымдық нұсқаулыққа, жұмыс берушінің актілеріне және Компанияның өзге де бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған міндеттерді, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (көлемде және мерзімде орындау мүмкіндігі болмаған кезде немесе сұрақтар туындаған кезде жұмыскер тікелей басшысына хабарлауы және қажет болған жағдайда міндеттерді, тапсырмаларды және т.б. орындау мерзімін ұзартуы тиіс). * Қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек шартын бұзу/тоқтату кезінде Компанияға тиесілі құжаттарды, материалдарды және басқа да мүлікті тапсыру.

Білім:

* Орта кәсіптік (техникалық) – аяқталған; * Жоғары кәсіби (техникалық) – басымдықта қаралатыны

Дағдылар:

* Атқаратын жұмысының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңнамасы, Нормативтік-құқықтық актілері және басқа да нормативтік құжаттары; * Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; * Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері; * Жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау ережелерінің негіздері; * Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормалары; * Азаматтық қорғау, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ережелер мен нормалар; * Шу-Сарысу уран кені провинциясының қабаттық-инфильтрациялық үлгідегі уран кен орындарының геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлары; * Күкірт қышқылды ЖҰШ әдісімен өндіру жүйелері мен тәсілдері; * ЖҰШ әдісімен уран өндіруге арналған технологиялық ұңғымалар құрылысының техникасы мен технологиясының негіздері; * Ауызша және жазбаша іскерлік қарым-қатынас дағдылары, іскерлік және кәсіби құжаттаманы жасау және жүргізу қабілеті; * Гидрогеологиялық және геотехнологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қаулылар, өкімдер мен бұйрықтар, нормативтік және басқа да басшылық материалдар; * Гидрогеологиялық жұмыстардың технологиясы және оларды жүргізу сапасына қойылатын талаптар; * Гидрогеологиялық жабдықтың түрлері және оны техникалық пайдалану ережелері; * Атқарушы құжаттаманы, гидрогеологиялық, геологиялық және геотехнологиялық материалдарды жасау, сақтау және есепке алу ережелері; * Гидрогеологиялық және геотехнологиялық жұмыстарды жүргізуде ғылымның жетістіктері мен алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе; * Ұңғымалардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлері мен әдістері, оларды жүргізу және таңдау себептері.

Қосымша:

* Жүргізуші куәлігі – санаты: В, C; * Автомобильді басқару тәжірибесі кемінде 3 жыл;

Білетін тілдер:

* Қазақ тілін білу-еркін меңгеру; * Орыс тілін білу-еркін меңгеру.