«ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Ақмола бөлімшесі» филиалы Сороковая станциясының (аға) жүк қабылдап тапсырушысы

от 265302
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
109

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

- Сағат 08.45-те күндізгі және 20.45-те түнгі ауысымына келіп, ауысымға арналған жұмыс жоспарымен, жолдардағы жағдаймен, келіп түскен жеделхаттармен танысу үшін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқама алу үшін планер кеңесіне қатысуға міндетті;
- Қызмет көрсететін учаскедегі Ережесімен танысу, ж/жолға берілген вагондарға қажетті құжаттардың бар-жоғын және станция жолдарында тоқтап тұрған құжаттарды (вагон парақтары, жалпы нысандағы актілер, вагондарды беру және жинау жадынамалары, ГУ-46 ведомостары және т.б.) тексеру;
- Ауысымды тапсырушы қабылдау-тапсырушыдан жергілікті түсіруге келген вагондарға барлық есепке алу құжаттарын (вагон парақтары, жалпы нысандағы актілер, ГУ-45 жадынамалары, ГУ-46 ведомостары) қабылдау;
- Ілеспе станциялардың жалпы нысанды актілерін қабылдау, ГУ-78, ГУ-44, ГУ-36, ГУ-34, ГУ-2 есеп кітаптарын жүргізу;
- Жүк тиелген вагондарды және бос вагондарды коммерциялық тұрғыдан тиеуге тапсыру, тиісті құжаттарды ресімдеу, сондай-ақ оларды түсіргеннен және тиегеннен кейін қабылдау.

Біліктілік талаптары:

Білімі
жоғары, кәсіби орта.

Мамандығы
  Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті (теміржол көлігі) пайдалану немесе теміржол көлігіндегі коммерциялық қызмет;

Мамандығы немесе белгілі бір лауазымы бойынша жұмыс өтілі
Жоғары білімі бойынша- 3 жылдан кем емес, оның ішінде жүкті және багажды қабылдап-тапсырушысы, пойыз қабылдаушысы лауазымдарында кемінде 2 жыл; кәсіби орта білімі бойынша- 5 жылдан кем емес, оның ішінде жүкті және багажды қабылдап-тапсырушысы, пойыз қабылдаушысы лауазымдарында кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Озат)