«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қостанай бөлімшесі» филиалының Қостанай пайдалану вагон депосының ВЧД-19 Қарталы (МГСП) техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы

от 358606
ВЧД-19 КОСТАНАЙСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группы Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
176

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Өндірістік-шаруашылық қызметке басшылық ету;
  • Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбекті қорғауға және қызметкерлердің жеке қауіпсіздік техникасына бағытталған технологиялық процестің талаптары мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз ету;
  • Техникалық қызмет көрсету кестелеріне сәйкес өңделетін жүк вагондарының тоқтап қалу нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Ауысымдық жұмыс режимі кезінде жұмысшылардың жұмыс және демалыс кестелерінің сақталуын, бригадалардың жинақталуын және жұмыс уақытының теңгерімін сақтауды ескере отырып, жұмыс кестелерінің уақтылы жасалуын бақылау;
  • Қарамағындағы қызметкерлердің темір жол көлігінен жүктерді және тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға қатысуы, бөлшектерді, вагондар тораптарын және материалдық құндылықтарды ұрлау жағдайларын болғызбауы үшін жеке жауапты болады;
  • МГСК қызметі туралы есептілікті ағымдағы жоспарлауды, есепке алуды, жасауды және уақтылы ұсынуды ұйымдастыру.
  • Қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогтарын жүргізу, KTZ HSE ispb мобильді қосымшасына енгізумен ішкі бақылауды (бақылаудың 2–сатысы) жүргізу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар) / темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
  • Жұмыс тәжірибесі: нұсқаушы, шебер лауазымында кемінде 1 жыл / нұсқаушы, шебер лауазымында кемінде 3 жыл.
 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж