Логистика жөніндегі қызметтің жетекші инженері

«Түркістан БГҚ» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
918

   Конкурс туралы
  • Міндеттері:
      
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға сұрау салулар дайындау, сұрау салуларды жеке өзі немесе басшының тапсырмасы бойынша жүзеге асыру;
  • жүктерді халықаралық және ішкі тасымалдау кезінде тауарға ілеспе құжаттаманың сәйкестігін үйлестіру;
  • жүктерді кедендік тазарту процесінің толық циклін үйлестіру;
  • кедендік алымдардың, салықтар мен баждардың дұрыс төленуін бақылау;
  • кедендік ресімдеу мәселелері бойынша Кеден брокерлерімен өзара іс-қимыл жасау;
  • шарттың талаптарына сәйкес кедендік ресімдеу бөлігінде мердігердің міндеттемелерінің орындалуын бақылау;
  • Қазақстан Республикасы кеден заңнамасы талаптарының және жоба талаптарының сәйкестігі бөлігінде тиеп жөнелту құжаттарын бақылау;
  • тасымалдау, кедендік ресімдеу, жеткізу мәселелері бойынша логистикалық тізбекке қатысатын көлік, брокерлік компаниялармен және өзге де жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау;
  • рұқсат беру құжаттарын: сертификаттар мен сәйкестік декларацияларын ресімдеу мәселелері бойынша сертификаттау органдарымен өзара іс-қимыл жасау.

         Талаптар:
- жоғары техникалық немесе экономикалық білім;
- логистикада және кедендік ресімдеуде, жүктерді халықаралық және ішкі экспедициялауда кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі;
- ірі өнеркәсіптік объектілерді салу кезінде "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес алдын ала жіктеу шешімдерін алудағы жұмыс тәжірибесі;
- логистика саласына қатысы бар контрагенттері бар кеден органдарымен жұмыс тәжірибесі: УСҚ, валюталық бақылау, сақтандыру компаниялары, экспедиторлық компаниялар мен тасымалдаушылар, брокерлер, мемлекеттік органдар (кеден және салық, ҰҚК), сертификаттау органдары және басқалар.

міндетті түрде:
- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу (upper-intermediate);
- ҚР Кеден кодексін білу;
- кеден және көлік заңнамасының негіздерін білу;
- инкотермсті қоса алғанда, жүк тасымалы жөніндегі халықаралық конвенциялар;
- Қазақстан Республикасы Кеден кодексі және Кеден одағы саласындағы сәйкестікті растау саласындағы техникалық регламенттерді білу;
- кедендік ресімдеу тәртібін және тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу шарттарын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, материалдар мен құжаттарды білу;
- Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес кедендік мақсаттарға арналған тауарларды сыныптау.

Шарттар:

5/2, жұмыс кестесі 09: 00-18: 30, түскі ас 13: 00-14: 30

Әлеуметтік пакет

Медициналық сақтандыру

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)