Қызылжар ТҚКБТ-ң вагондарды жөндеу және контейнерлерге қызмет көрсету операторы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
●Ауысымды қабылдау алдында станция кезекшісінен құрамдау жоспары, алдағы мерзімге поездардың келуі, жөнелтілуі туралы ақпарат алады. ●ТҚКБ қызметкерлерін поездарды қабылдау мен келетін жолы туралы хабардар етеді.●Вагондарды қарап-жөндеушілерден поездарды қабылдау барысында «жолдан шығып кетуде» анықталған ақаулықтар туралы деректерді қабылдайды.●Құрамды алдын ала қоршап, техникалық қызмет көрсетуге ұсынады, поездардың «жолдан шығып кету» барысында анықталған ақаулықтар туралы ақпаратты вагондарды қарап-жөндеушілерге тапсырады.●Бас вагондарды қарап-жөндеушіге жөнелту бойынша автотежегіштерді сынау үшін нөмірін, салмағын, поездағы остер саны мен бірінші және соңғы вагон нөмірлерін береді.- Ауысым қызметкерлерін поезд немесе маневрлік локомотивтің, таратылатын поездың келіп қалғаны, өңдеуге қойылған поездар, алдағы маневрлер туралы хабардар етеді және вагондарды қарап-жөндеушілерден түтіктерді жалғау, поездарды жөнелтуге дайындау барысында поезд соңында ауаның бар-жоғына баяндаманы талап етеді.
- Құрамдарды топтар бойынша уақытылы өңдеуді бақылайды және аға вагондарды қарап-жөндеушіні, сондай-ақ ауысым қызметкерлерін поездарды өңдеу жағдайы туралы хабардар етеді, аға вагондарды қарап-жөндеушіге қараудың және құрамды өңдеуді аяқтау уақыты туралы баяндайды, кепілді телім бойынша поездардың жүріп өтуін бақылайды.
- Вагондарды қарап-жөндеушілерден қарау қорытындылары мен құрамға техникалық қызмет көрсетудің аяқталғаны туралы ақпарат алады.
- (Аға) вагондарды қарап-жөндеуші поездарға дайындық бергеннен кейін қоршауды алады.
- Станция кезекшісіне құрамның дайындығы туралы ақпарат береді.
- Тіркеу құралдары көрсеткіштерін (КТСМ) алу және вагондарды қарап-жөндеушілерге поездағы ақаулы вагондардың орналасуы, бары, ақаулық түрі, бақылаулы параметр мағынасы мен вагон есебіндегі құралдардың істен шығуы туралы хабарлама беру.
- Поезд құрамындағы алдын ала шығыршық буксінің қызуы туралы ақпарат алу кезінде (экран мониторында жасыл түс көрсеткіші, ұсыным БАҚЫЛАУ), вагондарды қарап-жөндеушілерге станцияға келген сәтте тоқтаусыз қабылдау барысында құрамды өте мұқият қарау қажеттілігі туралы хабарлама береді.
- Көршілес станцияға – бақылау ұсынымымен ақпарат беру.
- Поездарды вагондарды қарап-жөндеушілерге жөнелту алдында, бұрын техникалық дайындық берілгеннен кейін егер поезд станцияда 5 сағаттан артық тұрып қалса техникалық қызмет көрсету өндірісіне ВУ-14н. кітапқа жазба толтырумен қайта ұсынады.
- Поездарды вагондарды қарап-жөндеушілерге автотежегіштерге қысқаша сынама жүргізу өндірісі үшін, егер 30 минуттан артық техникалық дайындық берілгеннен кейін оның тұрып қалуы жағдайында, немесе оған ТҚКБ вагондарын тіркеу-ағыту жүргізілсе қайта ұсынады.
- Поезд құрамында қызыл түспен көрсетілген көрсеткіш кезінде «ақаулы вагон картасы» терезесінде барлық бағандарды толтырады. Барлық жабдықтар жұмысының істен шығуына және анықталған ақаулықтарды жою уақытын ДУ-46н. журналына жазба толтырумен және КТСМ электрмеханигіне, ол болмаған кезде байланыс диспетчеріне хабарлайды.
- Ауысым аяқталғаннан кейін КТСМ электрмеханигімен бірлесіп вагондар нөмірлерін көрсеткіштермен қоса басып шығарады.
Біліктілік талаптары:
Білімі:
- орташа және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.
Жұмыс тәжірибесі:
- еңбек өтіліне талап қоюсыз.
Қосымша талаптар:
●Өз міндеттері шеңбері аясында жаңадан келіп түскен нормативті- техникалық құжаттамаларды уақытылы пысықтау.Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру