Іс жүргізуді ұйымдастыру бөлімінің спорт әдіскері қызмет көрсету шарты (аутсорсинг) бойынша

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
172

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Дене шынықтыру-спорт бағытындағы бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша Тапсырыс берушінің қарамағындағы жалпы білім беретін мектептермен өзара іс-қимыл жасау.

Тапсырыс берушінің ұжымдық шартында көзделген шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру: бассейнге, спорт залдарына және кешендерге бару және т.б.

Тапсырыс беруші жұмыскерлерінің физикалық дамуына байланысты ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

Тапсырыс беруші жұмыскерлерінің еңбек қызметінің ерекшеліктерін, еңбек жағдайларының психофизиологиялық факторларын және жұмыс орындарын ұйымдастыруды зерделеу.

Ықтимал аурулардың алдын алу үшін дене шынықтырудың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану бойынша еңбек және демалыс режимдерін, нұсқаулықтарды, ұсыныстарды және басқа да әдістемелік материалдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Тапсырыс беруші жұмыскерлерінің салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, көшпелі мәдени-сауықтыру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету. Жұмыскерлердің қысқы және жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысу.

Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу және қорыту және оны пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Дарынды спортшыларды анықтау мақсатында Тапсырыс берушінің спорттық резервтерінің денсаулығын, физикалық дамуын және функционалдық мүмкіндіктерін тестілеу нәтижелерінің электрондық деректер банкін құру және толықтыру бойынша жұмыс жүргізу.

 Тапсырыс берушімен келісілген спорт түрлері бойынша спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес Тапсырыс берушінің қызметкерлерін республикалық, облыстық, қалалық жарыстарға қатысуға дайындау бойынша оқытуды ұйымдастыру және өткізу.

Бөлімше басшысының тапсырмасы бойынша байқаулар, конкурстар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу

Талаптар:

дене шынықтыру және спорт саласындағы жоғары, арнаулы орта білім немесе «Білім және педагогика» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және дене шынықтыру және спорт саласындағы қосымша кәсіптік білім, гуманитарлық білім. Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/қызметі): мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Колледж